футбол
Әлем • Кеше
Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін
Конго Демократиялық Республикасы ел аумағында эбола вирусының тарауына байланысты футболдан әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін. Бұған дейін ел билігі эболадан 177 адам қаза тапқанын мойындаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • Кеше
Футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табысталды
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2026
Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды
Ла Лига президенті Хавьер Тебас Испания футболында төрешілердің жұмысын бағалау үшін келесі маусымнан бастап жасанды интеллект енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 22 Мамыр, 2026
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Семей қаласында «Елімай» футбол клубының 2026 жылғы маусымының ресми таныстырылымы болды. Іс-шара аясында клубтың негізгі құрамы, әйелдер командасы, футбол орталығының тәрбиеленушілері, жаттықтырушылар штабы, сондай-ақ 2026 жылғы маусымға арналған жаңа ойын және жаттығу формалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Футбол • 22 Мамыр, 2026
Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы турында Криштиану Роналду бастаған «Аль-Наср» клубы өз алаңында Дамак командасын 4:1 есебімен жеңіп, алты жылдан кейін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Мамыр, 2026
«Астон Вилла» алғаш рет Еуропа лигасының чемпионы атанды
«Астон Вилла» Еуропа лигасының жеңімпазы атанып, Англия клубтарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 20 Мамыр, 2026
«Арсенал» 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды
«Арсенал» мерзімінен бұрын Англия Премьер-лигасының 2025-2026 жылғы маусымының чемпионы атанды. Лондондық клубтың басты қарсыласы «Манчестер Сити» чемпионаттың алдыңғы турында «Борнмут» командасымен тең түсіп, чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 19 Мамыр, 2026
Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Үш аптадан соң футбол жанкүйерлері асыға күткен Әлем чемпионаты басталады. Ала доп аламанын отандық жанкүйерлер тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 19 Мамыр, 2026
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрама сапына «Сантос» шабуылшысы Неймар да енді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 18 Мамыр, 2026
Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды
Португалиялық әйгілі бапкер Жозе Моуриньо мадридтік «Реал Мадрид» клубымен келісімшартқа отыруға келісті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Мамыр, 2026
Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды
Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 30-туры аясында өткен «Сочи» және «Ахмат» матчында ең үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Мамыр, 2026
«Қайрат» көш бастап тұр: Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры қорытындыланды
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аяқталды. «Қайрат» елордалық «Жеңіс» клубын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орнын сақтап қалды. Екінші орында тұрған «Ордабасы» 3 ұпайға қалып келеді, бірақ бір ойыны артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2026
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады
Ұлттық құраманың қорғаушысы Михаил Габышев футболшы ретіндегі кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2026
Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтырумен тұрақты айналысуына жағдай жасау мақсатында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыс жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Мамыр, 2026
Төреші шешіміне ашуланған футбол жанкүйерлері Ливия Үкімет үйін өртеп жіберді
Триполиде «Әл-Иттихад» футбол клубының жанкүйерлері Ливия Үкіметі ғимаратының қасбетін және оның алдындағы аумақты өртеп жіберді. Бұл оқиға «Суэхли» клубына қарсы матчтағы даулы эпизодтан басталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Мамыр, 2026
Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды
Аты аңызға айналған қорғаушы Серхио Рамос «Севилья» клубының жаңа иесі атанды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо X желісінде хабарлады, жеп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Мамыр, 2026
«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды
Иван Башич Қазақстан Премьер-лигасының тарихында әлем чемпионатына шақыртылған алғашқы футболшы атанды. Астана клубының жартылай қорғаушысы Башич Босния және Герцеговина ұлттық футбол құрамасы сапына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Мамыр, 2026
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Аргентина ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған алдын ала кеңейтілген құрамын жариялады. Тізімге 55 футболшы енген, олардың көшін команда капитаны Лионель Месси бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 08 Мамыр, 2026
Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор 10 мамыр күні «Камп Ноуда» өтетін Испания чемпионатындағы «Барселонаға» қарсы матчта алғаш рет команданың капитаны ретінде алаңға шығады. Бұл шешім негізгі және вице-капитандардың жоқ болуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Мамыр, 2026
Төбелес шығарған «Реал» ойыншылары командадан шеттетілуі мүмкін
Уругвайлық жартылай қорғаушы Федерико Вальверде «Реал Мадрид» клубындағы әріптесі Орельен Тчуаменимен болған төбелес салдарынан алдағы Эль Классикоға қатыса алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Мамыр, 2026
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін, 6 мамыр күні Қазақстан премьер лигасы аясында кейінге шегерілген 20-турдың матчтарының бірі өтеді. Қызылорда қаласында жергілікті «Қайсар» өз алаңында алматылық «Қайрат» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Мамыр, 2026
Сенсация: «Арсенал» 20 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты
Ағылшындық клуб екі матчтың қорытындысы бойынша испаниялық «Атлетиконы» қапы қалдырып, өз тарихында екінші рет Чемпиондар лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 05 Мамыр, 2026
29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты
Елімізде FIFA World Cup 2026 чемпионатына арналған естелік монеталар сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Мамыр, 2026
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан клубтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 30 Сәуір, 2026
Әр құрамаға кемі 5,9 млрд теңгеден: ФИФА Әлем чемпионатының жүлде қорын рекордтық деңгейге көтерді
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қорын 871 миллион долларға дейін ұлғайтты. Мұндай шешім ұйым кеңесінің Ванкувер қаласында өткен отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 29 Сәуір, 2026
«Қайрат» пен «Астана» Қазақстан кубогынан шығып қалды
Қазақстан Кубогының 1/8 финалында сенсациялық нәтижелер тіркелді. Алматылық «Қайрат» және елордалық «Астана» клубтары жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2026
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының жаңа маусымына арналған ресми таныстырылым өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2026
«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды Бас хатшы қызметіне бекітті. Ол бұл лауазымды 2030 жылғы 12 шілдеге дейін атқаратын болады. Жаңа бас хатшы өз міндеттерін 2026 жылғы 13 шілдеде бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Сәуір, 2026
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Қазақстан футбол федерациясы Даму кубогі матчтарына U-16 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге таяуда Испанияның атақты командасы «Барсеолонамен» келісімшартқа отырған Кәрім Меңдіханов та енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2026
FIFA әлем чемпионатының матчтарына қосымша билеттерді сатылымға шығарды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалғанда халықаралық футбол федерациясы (FIFA) билеттер сатылымының финалдық кезеңін қайта ашты. Бұл кезеңде АҚШ, Мексика және Канадада өтетін турнирдің барлық 104 матчы бойынша билеттер сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.