Қазақ радиосы
Сұхбат • 27 Маусым, 2023
Ернұр Бурахан: Радио – замана үні, уақыт тынысы
Қазақ радиосы өзінің ғасырдан астам тарихында тұтас бір ұлттың тіршілік тінін, қайталанбас мәдени болмысын ұлағаттап келе жатқан ақпарат құралы. Ол қазақ мәдениетін сыр-жұмбаққа толы сұлу тұрпатында жеткізіп, ән-әуезге малынған алуан үндестікті сұңғыла сөзбен суреттеп келеді. Сондықтан да біз Қазақ радиосын ұлттық руханияттың, қазақ өнері мен мәдениетінің қара шаңырағына балаймыз. Өйткені салиқалы ойдың өрелі оралымдары да, әуезді әуеннің жан тебірентер сезімтал пернесі де осында. Сөз сәні мен тіл тәлімі, ән әрі мен саз сырының кеніші де осы үнжария. Бүгінде радионың тыныс-тіршілігі қандай? Жалпы ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті жайында көл-көсір әңгіме айта алатын нағыз ұлтжанды ақпарат көзінің тыңдаушыларына тағы қандай тартуы бар? БАҚ қызметкерлері күніне орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС Бас директоры Ернұр Бураханды әңгімеге тарттық.
Қазақстан • 01 Қазан, 2021
Қазақ радиосының 100 жылдығына орай пошта маркалары шығарылды
«Қазпошта» АҚ Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің 25 жылдығына орай пошта маркаларын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Қазан, 2021
Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығы атап өтілді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығының» Киноконцерт залында Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2021
Қазақ радиосының алғаш хабар таратқанына 100 жыл толды
1921 жылы Орынбор қаласынан алғаш рет қазақ радиосы хабар таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Шілде, 2021
Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды
Муралда Мәңгілік Ел идеясы бейнеленген, ол Қазақ радиосының ғасырлық тарихи эволюциясымен ұштасқан, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Шілде, 2021
Әуе толқынында – қазақ радиосы!
Қазақ радиосының 100 жылдығына орай Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» атты жылжымалы фотокөрме ашылды. Көрмеге музей қорында сақталып қалған көне фотосуреттер қойылған.
Сұхбат • 18 Мамыр, 2021
Қазақ радиожурналистика ғылымының негізін қалаған, журналистика ғылымының мектебін қалыптастырған ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлы Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді.
Қоғам • 02 Ақпан, 2021
Америкада қазақ тіліндегі радио бастау алды
Отандасымыз Данияр Қожан Нью-Йорктегі Freedom FM радиостансасында Qazaq Time қазақ тіліндегі бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 31 Тамыз, 2020
Қазақ радиоларының жаңа маусымы басталады
Қазақ радиолары серіктестігіне қарасты радиоарналар тыңдармандарды жаңа маусымда тың жобалармен қуантпақ. Қыркүйектен бастап Қазақ радиосы, Астана радиосы, Шалқар радиосы және Классик радиосы әуе толқынынан 30-ға жуық жаңа радиохабар шығады. Бұл туралы Egemen.kz "Қазақ радиоларына" сілтеме жасап хабарлады.