қаза
Мереке • Кеше
Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды
Жапония елшілігі Астанада Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның туған күніне арналған салтанатты қабылдау өткізді. Онда қатысушылар жапон халқының мәдениетімен кеңінен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бір топ Сенат депутатының өңірлік деңгейде баспасөз архивтерін құру мәселесіне қатысты жолдаған сауалына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • Кеше
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Италияның Милан және Кортино қалаларында өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары бел ортасынан ауды. Турнирлік кестеде қысқы спорт түрлерін шебер меңгерген елдер көш бастап тұр. Десе де төртжылдықтың басты бәсекесінің мәреге жетуіне 6 күн барын ескерсек, қорытынды есеп құбылуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Университет • Кеше
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық өнімдер және жоғары технологиялық жобалар орталығында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы салтанатты түрде ашылды. ASTRASEC PTE. LTD (Сингапур) компаниясы мен «Qubitera» ЖШС серіктестігі негізінде жүзеге асқан жоба ұлттық кванттық экожүйені қалыптастыруға серпін бермек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2026
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның он қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) қалыптасатынын ескертті. Ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 13 Ақпан, 2026
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
АҚШ билігі қолданыстағы көші-қон үдерістерін жетілдіруді көздеп отыр. Осыған байланысты иммиграциялық визалар берудің уақытша тоқтатылуына қатысты Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стаффт түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2026
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Әлеуметтік желілерде «сәтсіз екпелерден» кейін Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтатылды деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2026
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстанда индустриялық даму қарқыны артқан сайын атмосфералық ауаның ластануы өзекті мәселеге айналып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазгидромет дерегіне сүйенсек, республиканың 11 қаласында ауаның ластануы тұрақты жоғары деңгейде тіркелген. Ең күрделі ахуал Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе секілді ірі өнеркәсіптік орталықтарда қалыптасқан. Ауа сапасын жақсарту бойынша әкімдіктерге нақты тапсырмалар берілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2026
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Түркістан облысының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының өкілі Индира Бектенова 2026 жылы Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына ресми шақырту алды. Ол байдарка мен каноэде есу спортынан халықаралық техникалық төреші (ITO) ретінде қызмет атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2026
Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі
Қазақстан ақпан айында Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры (БТД) бағытына 110 мың тонна мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Дубайда әлемнің үздік арнайы бөлімшелерін біріктірген UAE SWAT CHALLENGE-2026 халықаралық турнирі аяқталды. Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германияға сапары аясында елдің экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланып, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарына басымдық берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2026
Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды
Бүгін жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасында Мемлекет басшысын кезекті сайлау тәртібі мен дауыс беру қорытындысын шығарудың талаптары айқындалды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы жарияланды. Төменде толық мәтіні ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Ақпан, 2026
Қазақстандағы қатерлі ісік: Елдің онкологиялық картасында қандай өзгерістер бар?
Қоғам бұл дерттің атын атауға сескеніп, халық арасында «аты жаман ауру» деп атап кетті. Тіпті кейбіреулер мұны «ажалға шақыру билеті» деп қабылдайды. Онколог мамандар қатерлі дертті жеңуге болатынын айтса да, статистика әлі де көңіл көншітпей тұр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қылмыс жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 11 Ақпан, 2026
Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапары: Қазақстан – Пәкістан қатынастарының жаңа кезеңі
Саяси тұрақсыздық үстемдік еткен өңірлердің тоғысындағы Орталық және Оңтүстік Азия үшін Астана мен Исламабад арасындағы диалог соңғы жылдары ерекше маңызға ие бола бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары – екі ел басшылығының стратегиялық сенімді тереңдетуге, аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға бағытталған маңызды қадамы. Сарапшы Таир Нигманов бұл сапардың символдық қана емес, нақты саяси әрі экономикалық салмағы бар екенін атап өтеді: Ауғанстандағы жағдайдан бастап, көлік дәліздерін әртараптандыруға, логистикалық ынтымақтастықтан мәдени және гуманитарлық байланыстарға дейін – бүгінгі күннің өзекті тақырыптары екі ел мүддесін бұрынғыдан да жақындастырып отыр.
Әскер • 11 Ақпан, 2026
Қазақстан арнайы жасағы Дубайда топ жарды: Төртінші кезеңде алтын мен қола қоржынға түсті
Қазақстан арнайы жасақтары Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолын жалғап келеді. Сайыстағы төрт күннің нәтижесі бойынша ел намысын қорғап жатқан төрт құрамамыз да үздік ондықтың қатарынан табылды, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 11 Ақпан, 2026
Қазақ әйелдерінің ғылымдағы үлесі қандай?
11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бұл дата әлемдік ғылым кеңістігінде әйелдердің рөлін айқындап қана қоймай, жас буынды зерттеушілік жолға ынталандыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 10 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасына орай «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Абай университеті мен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі арасында экологиялық жобаларды іске асыру бойынша келісім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Әскери кафедра запастағы офицерлер мен сержанттарды қалай даярлайды?
Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарының офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери даярлау мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Ақпан, 2026
Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті
Оңтүстік-Шығыс Азияда Нипах вирусының өршуіне байланысты Қазақстанның шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2026
Соңғы екі айда елімізге қанша адам көшіп келді?
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстандағы көші-қон сальдосы 16,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ел өңірлерінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістер, жаңашылдықтар және құжаттың нормативтік бөлігіне енгізілетін түзетулер туралы ақпарат беріліп, тұрғындардың да ұсыныстарына назар аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2026
Су дипломатиясы бүгінге дейін қандай нәтиже берді?
Су дипломатиясы қазіргі заманның негізгі сынағы. Жер көлемінің басым бөлігі Азияға кіретін, жер шарындағы 4 мұхитқа шығатын төте жолы жоқ біздің ел үшін бұл күйіп тұрған тақырып, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Енді Ресейде жұмыс істеу қиындайды: Отандастарымыз үшін жаңа талаптар күшіне енбек
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Ресейде шетелдік азаматтарды жұмыстан шығару негіздерін кеңейтетін жаңа норма күшіне енеді. Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аймақтық билік шетелдік еңбек күшін тартуға шектеу енгізсе, жұмыс беруші мигрантпен еңбек келісімін бұза алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 09 Ақпан, 2026
Grand slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары үш жүлде еншіледі
Францияның бас шаһары Парижде мәресіне жеткен жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турнирінде 78 елден келген 488 дзюдошы белдесті, деп жазады Egemen.kz.