Ұшақ
Оқиға • Кеше
Анталья – Астана рейсі сегіз сағатқа кешікті
Air Astana әуе компаниясының рейсін жолаушылар сегіз сағаттан астам күтуге мәжбүр болды. Анталья – Астана бағытындағы KC216 рейсі техникалық ақауға байланысты кешіккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Маусым, 2026
Францияда парашютшілер мінген ұшақ құлап, 11 адам қаза тапты
Францияның солтүстік-шығысында парашютпен секіруге арналған жеңіл моторлы ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 27 Маусым, 2026
Атырау қаласы аспанында әскери ұшақ байқалған: Министрлік түсініктеме берді
Қала үстінен ұшып өткен әскери жойғышқа ұқсас ұшақты байқаған атыраулықтар оны видеоға түсірген. Бұған қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Маусым, 2026
Бейжіңде ұшақ ең биік ғимаратқа соғылды
Қытай астанасында жеңіл моторлы спорттық ұшақ Бейжіңнің ең биік ғимараты China Zun мұнарасына (биіктігі 528 метр) соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2026
Павлодарда тікұшақ апатқа ұшырады: Бортта 13 адам болған
Павлодар маңында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонды. Бортта 13 адам болған. Оқиғаға аймақта жоғалған адамды іздеу жұмыстарына кіріскен Vita іздестіру қозғалысының еріктілері куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2026
Астанаға бағыт алған ұшақ Екатеринбург әуежайына шұғыл кері қайтты
Екатеринбургтен Астанаға бағыт алған Ресейдің Red Wings әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы техникалық ақауға байланысты кері қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 21 Маусым, 2026
Балқашта су жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының ресми түрде жұмысты бастау рәсіміне қатысты. Тікұшақ тәулік бойы кезекшілікте адамдарды іздестіру және құтқару, санитариялық авиация, әуе мониторингі және төтенше жағдайларға ден қою міндеттерін орындайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Инфрақұрылым • 19 Маусым, 2026
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Ақтау халықаралық әуежайы енді ең ірі санаттағы ұшақтарды қабылдай алады. Осы мақсатта әуежайда аэродромдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 19 Маусым, 2026
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Астанадан жолаушылар Ыстықкөлге тікелей рейспен қатынай алады. FlyArystan әуе компаниясының жаңа бағыты 3 шілдеден бастап іске қосылады. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері 31 тамызға дейін орындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2026
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында бизнес-джет тас жолға құлап, өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 16 Маусым, 2026
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Мәскеу – Нахчыван әуе рейсінде жолаушы ұшақтың есігін ашпақ болды. Ол ұшақтың сыртқы есігі мен дәретхананы шатастырып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Маусым, 2026
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2026
Анталияда жолаушылар ұшағы радар мұнарасына соғылды
Анталия әуежайында Turkish Airlines ұшағы қонғаннан кейін радар мұнарасына соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 13 Маусым, 2026
Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Үндістанның әскери-әуе күштеріне тиесілі Ан-32 әскери-көлік ұшағы елдің солтүстік-шығысындағы Ассам штатының Джорхат авиабазасына қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Маусым, 2026
Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Air Canada әуе компаниясының ұшқышы 17 жыл бойы осы лауазымға қажетті лицензиясыз әуе кемесінің командирі болып жұмыс істеген, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 11 Маусым, 2026
Петропавл – Алматы рейсінде тәртіп бұзған зейнеткер жауапқа тартылды
Петропавл – Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе рейсінің 63 жастағы жолаушысы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Маусым, 2026
АҚШ-тың Apache тікұшағы құлағаннан кейін Трамп мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ормуз бұғазында патрульдік қызмет атқарған америкалық әскери тікұшақтың атып түсірілуіне байланысты Иранға жауап берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 07 Маусым, 2026
Татарстанда ұшақ апатқа ұшырады
Татарстан тұрғыны өз қолымен құрастырған ұшағы алғашқы сынақта апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 01 Маусым, 2026
Жазда жаңа рейстер ашылады: Қазақстан азаматтары қай елдерге ұша алады?
Биылғы жазда азаматтар үшін шетелдік курорттар мен ел ішіндегі туристік бағыттарға қатынау жеңілдей түспек. Маусым айында жаңа әуе және теміржол бағыттары іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Мамыр, 2026
Аустрияда ұшақ парапланға соқтығысты: Ұшқыш бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Аустрияда ұшақ парапланға соқтығысты. Парашют ұшуға жарамсыз болып қалғанымен, онымен қалықтап келе жатқан әйел аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 25 Мамыр, 2026
Америкалық компания ЖИ көмегімен ұшақтарға арналған қозғалтқыш жасап шығарды
Америкалық GE Aerospace компаниясы жасанды интеллект арқылы гипердыбысты қозғалтқышты жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Мамыр, 2026
FlyArystan ұшағы құспен соқтығысқан: Астана – Шымкент бағытындағы рейс кешіктірілді
FlyArystan әуе компаниясының Астана – Шымкент бағыты бойынша рейсі құстардың әуе кемесімен соқтығысуына байланысты кешіктірілді, деп хабарлайды Egemen.kz тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 23 Мамыр, 2026
Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді
Астанада 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 21 Мамыр, 2026
Париж апелляциялық соты 228 адам құрбан болған апатқа Air France пен Airbus-ты кінәлі деп тапты
Сот авиакомпания мен ұшақ өндірушісін апатқа «кінәлі және толық жауапты» деп шешті. Адам өліміне соқтырған немқұрайлылығы үшін аталған компаниялардың әрқайсысы 225 мың еуро айыппұл төлеуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 21 Мамыр, 2026
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағында қаза тапқан жолаушылардың туыстарына өтемақы төлене бастады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады
Алматы облысында болған авиациялық оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жеңіл ұшақ бұталардың арасына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 19 Мамыр, 2026
ТЖМ құтқару операцияларына арналған төртінші ұшақты алды
Өскемен халықаралық әуежайында жаңа көпмақсатты L-410 ұшағын пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Мамыр, 2026
АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысты
АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі жойғыш ұшақ соқтығысты. Оқиға Маунтин-Хоум әскери әуе базасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
15 мамыр күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары өтеді. Осыған орай елорда аспанында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Мамыр, 2026
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылды. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні кешке болған, деп хабарлайды Egemen.kz.