олимпиада
Білім • Бүгін, 11:20
Қазақстандық оқушылар Менделеев олимпиадасында 11 медаль жеңіп алды
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды. 40 елден жиналған үздік жас химиктер арасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 11 медаль иеленді. Осылайша оқушылар АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропаның мықты құрамаларын басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Алматылық Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген үйлерін алды
Бүгін Париждегі жазғы Олимпиадада көк байрағымызды желбіреткен Олимпиада жеңімпаздары Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың қолынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Сәуір, 2025
10 мыңнан астам оқушы пән олимпиадасында бақ сынайды
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Олимпиадашыларға 5 мың мен 250 мың доллар аралығында сыйақы жіберілді
Қазақстан Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру мақсатында ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2025
Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйақы беріледі
Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 17 Сәуір, 2025
Оқушылар Еуропалық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтары жоғары екенін айғақтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
Лос-Анджелес Олимпиадасында қандай өзгерістер болады
2028 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарында біраз өзгерістер болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Сәуір, 2025
Заң мен тәртіп: ҚМА қаржылық қауіпсіздігі бойынша ұлттық олимпиада өткізуде
Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ауқымды акциясы орын алуда.
Бокс • 20 Наурыз, 2025
Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді
Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Қазақстан пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдауды жалғастырады
Елімізде халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың ұстаздарын ынталандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар мен білім гранттары беріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Әр екінші оқушы халықаралық білім бәйгесінен жүлдемен оралды
2024 жылы Қазақстан құрама командалары Математика (IMO), физика (IPhO), биология (IBO), лингвистика (IOL), химия (IChO), география (IGeO) және информатика (IOI) бойынша әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 21 Ақпан, 2025
600-ден астам алматылық оқушы халықаралық жүлде алған
Былтыр 600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 18 Ақпан, 2025
Жеті жасар оқушы халықаралық білім бәйгесінде топ жарды
Елордалық 2 оқушы «StemCo» халықаралық олимпиадасы бойынша жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қаңтар, 2025
Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне «Болашақпен» оқу мүмкіндігі беріледі
Бүгін Сенатта мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2025
Спорт федерациялары әр тиын үшін есеп беруі керек - Нартай Аралбайұлы
Кейінгі 6 жылда Қазақстандағы спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге жұмсалған. Алдағы екі жылда тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қаңтар, 2025
Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады
Көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Эльжана Таниева үлкен спортпен қоштасатынын айтып, желіде жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 14 Қаңтар, 2025
Жәутіков олимпиадасына 15 елдің үздік оқушылары қатысып жатыр
Астанада басталған 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген үздік оқушылар математика, физика, информатика пәндері бойынша сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2024
Қазақ спортшылары әлемдік додаларда сәтті өнер көрсетті
Қазақстан спортшылары 2024 жылды жарқын жеңістермен қорытындылады. Саладағы саңлақтар бағындырған 9 жеңіс биігі ерекше айтуға тұрарлық, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2024
Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін шетелге аттанады
24 желтоқсан күні Астана қаласында 2024 жылы өткен спорттық додаларда байрағымызды биікте желбіреткен үздіктер бас қосты. Туризм және спорт министрлігі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсету мақсатында өткізген іс-шарада Париж олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ Олимпиданың күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды. Тәуелсіздік тарихында дзюдодан Қазақстан қоржынына алғаш болып «алтын» салған Елдос Сметовпен тілдесіп, алдағы жоспарларын сұрадық.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2024
Париж Олимпиадасындағы жарқын жетістіктер
Биыл еліміз үшін маңызды додалардың бірі - Францияның бас шаһары Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпия ойындары. Халық болып тақым қысып, спортшыларымыздың амандығын тілеп, олармен бірге татамиде жүлдеге таласып отырғандай күй кешкеніміз анық. Жарыс жолындағы спортшыларымыздың бірі жеңіліс тапса, енді бірі туымызды желбіретіп олжамен оралып еді.
Спорт • 22 Желтоқсан, 2024
Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық ережелердің жаңа нұсқасын жариялады
14-15 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында дзюдо ережелеріне өзгеріс енгізу бойынша техникалық семинар өтті, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап Egemen.kz.
Мектеп • 17 Желтоқсан, 2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II республикалық олимпиада аяқталды
Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан 450 оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Желтоқсан, 2024
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Бухарестте өткен XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Білім додасында Қазақстан атынан сынға түскен 6 оқушы да жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 04 Желтоқсан, 2024
Енді дарынды балалар «Болашақ» бағдарламасымен оқи алады
Мәжілісте дарынды балаларды қолдауды көздейтін және мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтетін заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2024
Әуесқой шахматшылардың сайысы өтті
Astana IT University ғимаратында мектеп оқушылары арасындағы II «Chess Class» Олимпиадасы өтті. Турнирді Freedom Broker компаниясының қолдауымен Қазақстанның шахмат федерациясы (KazChess) және «Chess Legends LTD» ЖК өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Жанкүйерлер Жәмила Бақбергенованы қошеметпен қарсы алды
Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ел балуаны Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 29 Қазан, 2024
Қаныш Сәтбаев атындағы республикалық химия олимпиадасы өтіп жатыр
Білім додасына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және республикалық жасөспірімдер олимпиадасының өңірлік кезеңдерінің қатысушылары арасынан іріктелген 9-11 сыныптардан 80-ге жуық оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 29 Қазан, 2024
Республикалық білім бәйгесі: Үшінші кезең басталды
Бүгін ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі басталды. Бұл туралы сала министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.