Редакция таңдауы
Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан сулы, нулы өңірде ауызсу мәселесі әлі де түбегейлі шешімін таппай келеді. Өңірдегі 788 396 адам тұратын 604 елді мекеннің 393-і ауызсуды су құбыры арқылы пайдаланады. 193 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылмаған суды қанағат тұтады.
22 Ақпан, 2025
Бұралқы иттер малға шауып жатыр
Ақтоғай ауданының тұрғындары тарапынан бұралқы иттердің малға шабуылдағаны туралы шағымдар жиілеп кетті. Аудан орталығында бір топ ит жұрттың қоражайларына кіріп, қозы-лақтарын тартып кетіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қараусыз жүрген жануарлар бұзау-тайыншаға дейін ауыз салатын көрінеді.
22 Ақпан, 2025
Каспийге құяр су азайып барады
Каспий теңізі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Өйткені бұл табиғат байлығы бүгінде бұрын-соңды болмаған экологиялық проблемаға тап келіп отыр. Шұғыл әрі нәтижелі әрекет етпесек, теңіздің көлшікке айналу қаупі зор. «You. Sea. Problem» – Каспий теңізінің болашағы біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел жиынында отандық және шетелдік экология сарапшылары Каспийдің қазіргі жағдайын айтып, билікті шұғыл әрекет етуге шақырды.
22 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Дулат Исабековтің туыстарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Ақпан, 2025
Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті
Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 82 жастан асқан шағында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025
335 мың қазақстандық көлік салығын төлемеген
Еліміздегі жеке тұлғалардың жалпы берешегі 10,7 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025
Перизат Қайратқа жаңа айып тағылды
Перизат Қайрат мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға алаяқтық жолмен ақша жинады деген күдікке ілікті. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды
Ұлытау облысындағы энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті, деп жазады Egemen.kz.
21 Ақпан, 2025
Пәндерді жалаң біріктіру: Қателік қайталана ма?
Мектеп сынақ алаңына айналғалы қашан... Жылда жаңа реформа дайын тұрады. Келер жылы да 2026–2027 жылғы оқу стандарты аясында мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Көпшіліктің талқысына түскен өзгерістің бірі – пәндерді біріктіру. Реформашылар бұл шешім білім сапасын арттырады дегенімен, қоғамда оған қатысты сұрақ көп. Математика, химия, физика, биология секілді күрделі пәндерді біріктіріп оқыту қаншалықты дұрыс? Мұндай өзгеріс мұғалімдерге, оқушыларға, жалпы білім жүйесіне қалай әсер етеді? Бұл қадам білім сапасын арттырудың амалы ма, әлде бюджетті үнемдеудің жолы ма?
21 Ақпан, 2025
Стоматологиядағы сәтті бастама
«Aidentis» – елімізде медицина мен IT-индустрияның тоғысында пайда болған инновациялық стартап. Аталған жоба стоматологтердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Бұл – тіс ауруларын дәл әрі жылдам диагностикалауға арналған жасанды интеллект платформасы.
21 Ақпан, 2025
Павлодарлық фермерлер сәбіздерін сата алмай отыр
Павлодарлық фермерлердің өткен күзде жинаған сәбіздері әлі күнге сатылмай қоймада сақталып тұр. 50 мың тонна өнімнің алды бұзыла бастаған. Көкөніс өсірушілер отандық нарықты Ресейдің арзан өнімі жайлап алғанына наразы.
21 Ақпан, 2025
Арқаның Ақан серісін (1843–1913) әркім-ақ біледі. Артында қалған әні мен жыры, тайғақ тағдырын әркім әрқилы айтады. Соның бірі – мына бір әңгіме. Бұны көкшетаулық Жылқыбай Амалдықұлы есімді жергілікті қариядан өлкетанушы Мұқаш Мәжікеев жазып алып, Арқа өңіріне танымал ақындар Арыстанбай, Жанақ, Шашубай, Майасар, Құлтума, т.б. шығармаларымен бірге қорға (ӘӨИ, Қ.828) тапсырған екен.
21 Ақпан, 2025
189 ұшақтың шабуылын тоқтатқан
Екінші дүниежүзілік соғыста есімі мен ерлігі қатар ұмытылған батырлар аз емес. Солардың бірі – зеңбірекші Бектібай Жылқыбаев. Алқара көкте ойнақ салған жау ұшақтарын атып түсірудің шебері саналған кейіпкеріміз туралы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газеті 1943 жылдың 20 тамызы күнгі №171 санында «Зенетчик Бектібай Жылқыбаев» деген мақала жариялаған.
21 Ақпан, 2025
Елімізде отандық көлікті несиеге алу жеңілдеді
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа автонесие қаулысы күшіне енді. Жаңа ережеге сәйкес, отандық автокөлікті сатып алу мақсатында несие рәсімдеу кезінде қарыз алушының басқа несиелері бойынша берешегі есепке алынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Ақпан, 2025
Ұлытаудағы апат: кеніште опырылу болмаған
«Қазақмыс» корпорациясы жеті кенші қаза тапқан апат орнында опырылудың болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Ақпан, 2025
Спорт мектебінің басшылары бюджет қаражатын құмар ойынға жұмсаған
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі екі спорт мектебінің басшысы ғимаратты жалға беру ақысын өз қалталарына басқан, деп жазады Egemen.kz.
20 Ақпан, 2025
1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы өседі
Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов көктемде билеттер қаншалықты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Ақпан, 2025
Қылмыстық жолмен келген кірістер қатаң бақыланады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың тарағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
20 Ақпан, 2025
«STEAM» жүйесі неге дағдарып тұр?
Қазіргі таңда еліміздегі білім жүйесінде «STEAM» (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) бағыты ерекше маңызға ие. Білім саласын заманауи талаптарға сай дамыту үшін бұл жүйенің қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен тамаша бастамалардың көбі қағаз жүзінде қалып қояды. Шындығына келсек, көп мектепте «STEAM» білім берудің аты мен кабинеті ғана бар.
20 Ақпан, 2025
«Әлеуметтік әмиян»: Әлеуетті арттырудың артықшылығы
Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қолжетімді әрі ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Осы мақсатта «Әлеуметтік әмиян» жобасы қолға алынды. 2020 жылы алғаш іске қосылған ілкімді жоба биыл барлық салада толыққанды орнауға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында Үкіметке осы тапсырманы мерзімінде орындауды жүктеді.
20 Ақпан, 2025