Пікірлер .
Биыл қаңтарда Мэриленд университетінің экономисі Томас Дрексель Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) басшысына жасалатын саяси қысымға қатысты зерттеу жасап, 1933 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықтағы (Рузвельттен Обамаға дейін) АҚШ президенттерінің ФРЖ өкілдерімен өзара кездесу саны мен сағаттары туралы деректерді жинап шыққан. Сонда 83 жыл ішінде Президенттердің ФРЖ өкілімен 800 рет кездескені анықталыпты. Әрине, Томас Дрексель бұл үшін аз тер төккен жоқ – 83 жылдағы бүкіл президенттің күнделікті жұмыс кестесі бойынша архив дерегін түгел ақтарған. Айтпағымыз Томастың төзімі туралы емес, әлбетте.
26 Ақпан, 2024
Бізді бір құтқарса, мейірім құтқарар. Тап қазір мейірімге зәруміз. Әлемдегі әлімжеттік операциялары тап осы мейірімнің жоқтығынан, тату дипломатияны құптамағандықтан туындап жатыр. Қоғам ішінде мейірім кімге көрсетілуі керек? Бәріне. Анаға да, әйелге де, балаға да, досқа да, жолдасқа да, ұжымдасқа да. Мейірім сызығынан аттап кеткен адамның тартатыны тек азап. Айнала, туған-туыстың сенен мейірім көруі – әрі-беріден соң заңды нәрсе. Ал біз елеп-ескере қоймайтын, елеусіз жүрген еңбек адамдарын бір уақ еске алып, бір уақ қуантып қою ше?
13 Желтоқсан, 2023
«Сабырбай-ау, саған не болған?»
Жақында саябақтардың бірінде 4 жасар ұлым екеуміз серуендеп жүрдік. Оның әңгімесі таусылған ба, сұрамайтынды сұрайды. Шаппа-шап жауап тауып тұрудың өзі – тәуір жетістік. Қасымыздан аяңдап өтіп бара жатқан егде тартқан ер мен әйел біз жаққа таңырқай көз салып, сәл аялдады да, қайта жүрді. Сосын қайта тоқтады.
02 Қараша, 2023
Аттракцион: ақау һәм қауіпсіздік
Жаз шықса болды, алаңқайдағы балалардың ойын-күлкісі жаңғыра түседі. Қазір шүкір, бала үшін керектінің бәрі бар. Әсіресе қала ішінде сан алуан аттракцион көздің жауын алып, қол бұлғап өзіне шақырады. Жанынан өтіп бара жатып ондай кереметке баланың көз тастамауы, мойын бұрмауы мүмкін емес. Баладан аяйтын не бар деп, оған да отырғызасыз. Бірақ елдегі аттракциондардың көбінде қауіпсіздік талаптары көңіл көншітпейді.
15 Маусым, 2023
Еуропа жұртында ақылға сыйымсыз, бірақ сонысымен көз тартып, көңіл баурайтын ескерткіштер көп деседі. Біз ескерткішті көбіне адамға арнап тұрғызамыз. Батыр болса тұлпар мініп, найза ұстайды. Ақын болса шапаны желбіреп, басына тақиясы қона қалады. Қолына таяғын ұстап, жүзінде шабыт толқыған Нұрғисаны, Балашақпақ топырағын басып келе жатқан Абайды, кітап парақтап тұрған Қадырды бейнелесек болушы еді. Жоқ, бізде ондай фантазияға орын жоқ!
06 Мамыр, 2023
Көлігіміз ескі деп зар еңірейміз. Соның артықшылығын білмей, сорлап жүрміз. Нендей артықшылық екенін соңыра айтайық...
13 Сәуір, 2023
Біз балалар контентін де лайықты деңгейде дамыта алмай отырған жайымыз бар. Елімізде интернет 2009-2010 жылдары кеңінен қанат жайды, 2015-2016 жылдары белсенді фазаға көшті, ал YouTube 2018-2019 жылдардан бастап түрлі контентпен толыға түсті. Әрине, бірді-екілі жобалар бар. Бірақ үлкен ауқыммен алғанда оларды бар деуге де келмейді. Себебі аса ауқымды шетелдік контенттер біздің балалар аудиториясын толығымен «жұтып алды».
27 Наурыз, 2023