Редакция таңдауы
Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық
Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымына қарасты «Аман» мұнай айдау стансасында III (үшінші) іске қосу кешені пайдалануға берілді.
24 Желтоқсан, 2024
Елорда экономикасында елеулі өсім бар
Елорда табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгеге жетіп, 20,4%-ға ұлғайды. Оның 70%-дан астамы жеке инвестиция есебінен. Құрылыс секторының қарқыны 870 млрд теңгеден асып, 11 айда 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 4 млн шаршы метрге артты.
24 Желтоқсан, 2024
Әлеуеті артқан агромеханикалық зауыт
Құю өнімдері ауыл шаруашылығындағы машина жасау, энергетика және тау-кен өндіру сияқты салаларда маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы агрегаттары мен қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ құю бұйымдарын шығаратын «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС өнім көлемін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту мақсатында өндірісті белсенді түрде жаңғыртып жатыр.
24 Желтоқсан, 2024
Көлік-логистика саласына серпін қажет
Кеше Мәжілісте палата спикері төрағасының орынбасары Альберт Раудың төрағалығымен Үкімет сағаты өтті. Онда еліміздегі көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру мәселесі қаралып, ол бойынша Көлік министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Баяндамада министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді Еуразияның басты көлік логистикалық хабына айналдыру туралы тапсырмасының орындалу барысына және көлік саласының әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.
24 Желтоқсан, 2024
Жуырда Astana IT University-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасына арналған сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жастар саясаты саласындағы жетекші отандық сарапшылар мен студенттер ой-пікірін ортаға салды.
24 Желтоқсан, 2024
Қазақ тілін ту еткен «Ассамблея құрамасы»
Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар арасында мемлекеттік тілімізді насихаттап, дамытуға үлес қосып келеді. Осы ретте «Жайдарман» ойындарының «Ассамблея құрамасы» Ұлттық лиганың чемпионы атанды. Команда қазақ тілінде өнер көрсетіп, қазіргі буынға үлгі көрсетіп жүр.
24 Желтоқсан, 2024
Театр тынысы: кәсіби сыншылар бағасы
«Қазақстан театр сыншылары» бірлестігі биыл алтыншы рет «Сыншылар жүлдесі» марапаттау кешін ұйымдастырды. Алғашқы жылы сахна шығармашылығына сараптама жүргізген сыншылар бес аталым аясында ғана үздіктерді анықтаса, марапат саны биыл мейлінше еселене түскен. Үздіктерді іріктейтін мерейлі дода шығармашылық өкілдерінің шабысына қанат бітіріп, шабытына дем беріп, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік сыйлайтын мақсаты мен маңызын жыл сайын арттырып келеді. Дегенмен Қазақстандағы 70-тен аса театрдың 53-інің 2024 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, өз тарапынан кәсіби бағасын берген сыншылардың да сахна шығармашылығы төңірегіндегі үрдіс пен үдерістер туралы, табысталған жүлдеге байланысты туындап қалған кейбір сыни ой-пікір мен өкпе-назға орай айтатын өз уәж-пайымы бар. «Театр сыншылары бірлестігінің» төрағасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Анар ЕРКЕБАЙ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Бақыт НҰРПЕЙІС, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары, өнертану магистрлері, Жансая ТҰРМАҒАНБЕТ пен Бейбіт ӘЛКЕЕВА басылым ұйымдастырған дөңгелек үстелде жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесін талдап, жүлденің бүгіні мен болашағына алаңдаушылығын білдірді.
24 Желтоқсан, 2024
Қарашаның соңы мен желтоқсан айының басында Ертістің Павлодар облысы аумағындағы арнасының деңгейі көтеріліп, кейбір ойпаң жердегі жайылмаларға қыс ортасында су шығып кеткені туралы жазған едік. Бассейндік инспекция «Ертіс елеңдетіп тұр» деген мақалада көтерілген мәселелерге түсініктеме берді.
24 Желтоқсан, 2024
Сумо – жапондардың ұлттық күресі. Аталған спорт түрінің бірнеше қатаң қағидасы бар.
24 Желтоқсан, 2024
«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде
Алматыда «Assyltas» қоғамдық қорының жыл қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды. Аталған қор кейінгі жылдары қоғамдық маңызы бар төрт саланы таңдап, халықтың дауыс беруі һәм қазылардың таңдауымен жүйріктерді іріктеуді дәстүрге айналдырған.
24 Желтоқсан, 2024
Семейге жаңа әкім тағайындалды
Семей қаласының әкімі қызметіне Талғат Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Желтоқсан, 2024
Депутат «Қызылорда – Жезқазған» автожолын жедел жөндеуді талап етті
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов Қазақстанда жөндеу жұмыстары созылып кеткен автожолдардың мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
23 Желтоқсан, 2024
Риддер жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шекті
Риддер қаласындағы жылу-электр орталығында (ЖЭО) жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Желтоқсан, 2024
ҰҚК Қостанай облысында ірі есірткі зертханасын анықтады
15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2024
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
21 Желтоқсан, 2024
Қыста көлік айдау кезінде нені білу керек
Қыс мезгілі – әдемі табиғат көріністерімен қатар, жүргізушілер үшін күрделі сынақтардың кезеңі. Қазақстан жолдарында қар, көктайғақ, нашар көріну жағдайлары жол-көлік оқиғаларының қаупін айтарлықтай арттырады. Сондықтан қыста қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2024
Елордада 24 жайлы мектеп салынады
Астанада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Желтоқсан, 2024
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІ кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Желтоқсан, 2024
Құқық бұзушылық және ТЖ бойынша жыл қорытындыланды
2024 жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар негізгі бағыт бойынша жұмысын едәуір күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Желтоқсан, 2024
Сәрсенбіде Мәжілісте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралды. Бұл құжат қабылданса, Түркістан қаласы ресми түрде еліміздің рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығына айналады. Осылайша киелі мекенге ерекше мәртебе беріліп, қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау құқықтық тұрғыда қамтамасыз етілмек. Ал қасиетті мекенге айрықша мәртебе беру туралы мәселені осыдан 24 жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газеті көтерген еді.
20 Желтоқсан, 2024