Редакция таңдауы
Торқалы той мен топырақты өлімді қастерлейтін қазақ үшін соңғысының жүгі ауыр. Әркім де қазалы шаңыраққа көңіл қосын білдіріп, бақилық болған жанның жаназасына қатысуды парыз санайды. Бірақ осы рәсімде шариғат пен дәстүрден тыс, пайдасынан зияны көп кейбір әдеттердің кең етек алып келе жатқаны да байқалып жүргенін жасыра алмаймыз.
10 Қаңтар, 2025
Қолдау орталықтарының қарымы зор
Астана қаласы отбасы институтын қолдау орталығында саланың қызметін жетілдіруге, полимодальды кеңесшілерді даярлауға бағытталған практикалық семинар-тренинг өтті. Келелі кеңеске Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері қатысты.
10 Қаңтар, 2025
Бірлік пен келісімді құндылық көретін елдің егемендігі мығым. Бүгінде қазақтың топырағында өсіп-өнген этнос өкілдері тәуелсіздік татулықтың тұтқасы екенін жақсы түсінеді. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, жақында халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама да осыны көрсетіп берді. Мәселен, сол сауалнамаға қатысқандардың дені өз елін азаматтық бірегейлік негізінде біртұтас ұлт ретінде қабылдайтынын айтқан. Ал оларды біртұтас ел ретінде Қазақстанның төлқұжаты, ата-бабалардың ортақ тарихы, ортақ тіл, патриотизм, ортақ құндылықтар мен нормалар секілді негізгі күш біріктіреді екен.
10 Қаңтар, 2025
«Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясы
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясы жарық көрді. Жоба жетекшісі – энциклопедияның бас редакторы, құрастырушысы Әділғазы Қайырбеков.
10 Қаңтар, 2025
Ақпанның 7-11 аралығында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Ақ аламанда мәнерлеп сырғанаудан сынға түсетін құрама жасақталды.
10 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Алып су электр стансасы
Қытайда әлемдегі ең үлкен су электр стансасы толық іске қосылды. Бұл алып құрылыс елдің шығысындағы Чэндэ қаласында орналасқан.
10 Қаңтар, 2025
Ғасырлық жүкті арқалаған оқулық
Осыдан бір ғасыр бұрын, яғни 1925 жылы Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының төте жазумен жазылған 72 беттік «Қазақша әлббә. Оқу құралы» атты кітабының кезекті басылымы Орынбордағы «Қазақ мемлекет баспасынан» 24 мың таралыммен жарық көріпті.
10 Қаңтар, 2025
Президент Әділет министрін тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттап барады
Қазақстан аумағында сатылатын және жалға берілетін бастапқы, қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Көлігін ұзақ қыздырған жүргізушілер айыппұл арқалайды
Елімізде көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Сенатор Марат Қожаев мұндай айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады
Көлік министрлігі осы жылы жүзеге асыратын ірі жобаларымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Лада» командасы кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:50-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Дау бітті – делдалдар нарықтан кетті
«Тасымалдаушы» деген тонды жамылып, энергияны өндіруші мен тұтынушы арасынан қарпыта асауға дағдыланған делдал мекемелер көпшіліктің наразылығын тудырып жүр еді. Олар «тасымалдамай-ақ», Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) пен электр тасымалдауды, жабдықтауды ұйымдастыратын МӨЭК мекемелері халықты энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы емес пе? Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде де бірнеше рет қозғалды. Жаңа жыл қарсаңында көптен күттірген жағымды жаңалықты да естідік – Маңғыстауда делдал мекемелер энергия тасымалдау нарығынан кетті.
09 Қаңтар, 2025
3 қаңтарда Астана-Щучинск жол учаскесінде ақтүтек боранның салдарынан 95 көлік ірі жол апатына ұшырағаны белгілі. Полицияның хабарлауынша, қазіргі таңда оқиғаға кінәлілер анықталып жатыр.
09 Қаңтар, 2025
Тестілеуге 167 мың талапкер қатысады
Алдағы аптадан Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталады. Жаңа жылдағы алғашқы тестілеуге қатысу үшін 167 мың талапкер өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп.
09 Қаңтар, 2025
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмыстары жыл өткен сайын қарқынды жүргізіліп келеді. Соған қарамастан, заңсыз тауар айналымы толастамай тұр. Әсіресе акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы өңірде өрши бастағанын аңғару қиын емес. Құзырлы орган қызметкерлері жұмысының нәтижесінде, темекі және алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымымен айналысқандар заңға сай жазаланды.
09 Қаңтар, 2025
Майқайыңдағы ескі тұрғын жайлар мәселесі шешіле ме
Өткен жылдың басында Майқайың кентіндегі «Шанхай» шағын ауданындағы ескі үйлердің проблемасын, тұрғындардың әр күнін үреймен өткізіп келе жатқанын мәселе етіп көтергенбіз. Алтын кеніші кенттен 300–400 метрдей жерде орналасқан. «Кеніште жер жару жұмыстары жүргізілгенде, үйіміз жер астына опырылып түсіп кетіп, бала-шағамызбен опат боламыз ба» деген қорқынышын жеткізгенбіз жұрттың.
09 Қаңтар, 2025
Тасқынның алдын алу бойынша 56 жоба іске асырылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп, елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Осыған орай барлық өңірде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қаңтар, 2025
Биыл колледждерді қаржыландыру көлемі екі есе ұлғаяды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қаңтар, 2025