Пікірлер .
Жыл сайын Наурыз қарсаңында қалың жұрттың жадыраңқы көңіл күйін көріп, жақсылықтан үміттенеміз. Оның үстіне кейінгі уақытта әр өңірде түрлі форматта өткізіліп жүрген мереке іс-шаралары «Наурызнама» деген атаумен бірізге, жүйеге түсе бастады. «Нама» – хат мағынасын беретін атау. Наурыз хаты, жаңа күнді қарсы алудың бағдарламасы мен хаттамасы, Ақаңша (А.Байтұрсынұлы) айтсақ, жосығы.
22 Наурыз, 2025
Біз әдетте әйел тұлғасы немесе әйел заты десек, ойымыздың түкпірінде отбасының алтын арқауы мен берекесі тұрады. Сонымен бірге ұлт танымында «ана» ұғымы «елдік дәстүр» құндылығының мән-мағынасын толықтырады.
08 Наурыз, 2025
Ресми жыл басталарда «Өткен жыл несімен есте қалды?» деп сұрақ қоярымыз анық. Психологтердің пікірінше, адамның жадында көбіне ескі жылдың алабөтен және соңғы оқиғалары жатталып қалады. Осы тұрғыдан келсек, әлбетте, есімізде алапат тасқын суды еңсерген елдік қуатымыз, парасатымыз алға шығары сөзсіз. Сол сын сағаттарда бір ақсақал «Елдің күші – селдің күші» деп, табиғат апатына төтеп берердей бата берген еді. Мемлекет басшысының өзі бастап, қауіп-қатер мен қиындықтың өтінде жүргенде халық елдігімізге де, бірлігімізге де сенді. Ал жаз бен күз жалғасар тұста жылдам ақшаңқан үйлер, шағын аудандар тұрғызыла бастағанда мемлекет пен іскер азаматтар күш біріктірсе, шешілмейтін мәселе қалмайтынын өз көзімен көрді. Мұны Алаш заманында «Игілік қоғамы», «игі іс» дер еді.
01 Қаңтар, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетінің 105 жылдық белесі тұсында жалпы ұлт баспасөзі, журналистика бастауы, сабақтастығы туралы ой қозғауға мүдделіміз.
13 Қараша, 2024
Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы қайта жаңғырған ұлттық мерекені «Азаттықтың алтын қазығын қаққан күн» деп сипаттады.
04 Қараша, 2024
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы осыған дейін басталған саяси реформаларды дәйектеуге, соның ішінде халқымыздың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сондай-ақ мұны бүгінгі сын-қатерлерге жауап және жұртшылықты толғандырған мәселелердің шешу тетігін көрсеткен айқын ұстаным деп қабылдаймыз.
05 Қыркүйек, 2024
Биылғы шілде біз үшін халықаралық және елдік елеулі көңіл-күйден басталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жиыны әлемдік абыройымызды арттырды. Жаһандық татулық пен сұхбаттастыққа жол ашатын Астана декларациясы кейінгі жылдардағы бейдауа қауіп-қатер мен дағдарысты реттеуге ықпал етеді деген үмітіміз зор. Ең бастысы, ШЫҰ-ға төраға болған Қазақстанның үйлестіруімен, жетекшілігімен дүниежүзіндегі 3,5 миллиард халықты құрайтын мемлекеттер басшылары осындай пәтуаға келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық құрылымды «сын-қатерлерге төтеп беретін мейлінше тиімді ұйымға айналдыру» мәселесін дер кезінде көтеріп, қолдау тапты. Бұл ретте халқымыздың «Пейіліңді кеңге сал, қырманыңды дөңге сал» деген даналығы еске түседі. Оның арғы жағынан Шығыс шайыры Рудакидің «Ақылды татулыққа, ақымақ қатулыққа ұмтылады» деген ойы аңғарылады. Астана төрінде ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының қабылдануы және еларалық тұрақтылыққа арқау сан саланы қамтыған 20-дан аса құжатқа қол қойылуы – сарабдал пейіл мен елшіл маңдай тердің арқасы. Енді ұйым кеңістігі кеңейе беретіні айқындалды.
06 Шілде, 2024
Биылғы баспасөз күнін жаңа «Масс-медиа туралы» заң қабылданған кезеңде атап өткелі тұрмыз. Бұл – БАҚ үшін аса жауапты шақ. Аталған заң, біріншіден, медиа саласы мамандарының, екіншіден, ақпаратқа жанкүйер қалың жұртшылықтың қоғамдық сараптамасынан өтті. Мемлекет басшысы бұл елдік құжатта Әділетті Қазақстанның ашықтық пен біліктілік, жауапкершілік пен заңдылық ұстанымдары нақты көрініс тапқанын баса айтты.
28 Маусым, 2024
Әйгілі Махатма Ганди: «Әлемді өзгертеміз десек, біз өзіміз сол өзгеріске айналуымыз керек» дегені мәлім.
15 Маусым, 2024
Бүгінгі білімнің мәні – мәдени трансформацияда. Сын-қатерлер тұсындағы сұрақ: қоғамға кім керек және маман қоғамнан өз орнын қалай табады? Трансформация мәні осында! Ізденген жас азамат бәсеке, кәсібилік тұрғысынан өзіне қажетті және елінің бүгіні мен ертеңіне керекті білім ала білуі тиіс.
12 Сәуір, 2024
Әр жылдың Наурызында ел тарихының жаңа бір парағы ашылып, өткен мен бүгіннің парқын айқындауымызды – әділеттіктің жөні деп қабылдаймыз. Байсалды бабаларымыз «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деген тілегін үйлесімділік Иесіне бағыштағаны анық.
22 Наурыз, 2024
Бұйырса, бүгін Ұлық Ұлыс немесе Алтын Орданың әз шаһары Сарайшық жұртында – Атырауда Ұлттық құрылтай үшінші жиынының секциялар жұмысы басталады. Ертеде Жайық ағыны қатты, айдыны шалқар Ұлы Су аталыпты. Араб саяхатшысы Әбу әт-Тәнжи яки Ибн Батутта: «Дүниеде Бағдаттан кейін жүзбелі көпірді осы Сарайшықтан көрдім. Отыз сарайы, төрт мешіті көз жауын алады» деп жазыпты. Осы шаһар қорымында Мөңке Темір, Тоқта хан, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шаһ Мамай, Жүсіп хан сынды жеті қағанның сүйегі бақилық мекенін тапқан. Мұны пантеон десек те болады. Сарайшық – биыл 800 жылдығы аталып өтіп жатқан Жошы ұлысының осы өңірдегі Сарай Бату мен Сарай Беркеден кейінгі үшінші ірі орталығы.
14 Наурыз, 2024
Ұлт баспасөзі тарихтың түрлі сынынан өтіп, қалыптасып, дамып, кемелденді. Бүгінгі БАҚ жаңалық пен ақпаратты халыққа жеткізу пішіні, мазмұны, амалы, т.б. кәсіби шарттары жөнінен көп өзгерді. Мамандар технология мен инновация қарқынына ілесуге тырысып-ақ келеді. Сала сарапшылары әлем мен ұлт талғамын, сұранымын ескеріп, тез жетілуді ұсынады.
01 Ақпан, 2024
Азаттық – біз үшін асыл ұғым. Оның мәні де, тағылымы да терең. 32 жылда Тәуелсіздік туралы жазбаған қаламгер, толғамаған өнер адамы, байыптамаған қайраткер кемде-кем шығар. Бұл – аса табиғи үдеріс. Құдды жаратылыстың үйлесіміндей, кемді толтырғандай, үзілгенді жалғағандай құбылыс. Аңсар, арман, арқау өлеңге де, өмірлік естелікке де түседі. Әлихан Бөкейхан «жанға хас жүрек тілі, сезім тілі, күй тілі ...адам жаны осы тілмен сөйлейді» деуші еді ғой. Бостандықтың ақ таңы дәл солай жүрек, сезім үнін жеткізді. Алаш көшбасшысы: «Жүйрік, қыран күшін қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар?» деп, замандастарына және ұрпаққа ой салады.
16 Желтоқсан, 2023
Бір айдың жүзі болды, «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері оқырманға ел егемендігі жарияланған кезеңнің естеліктерін, осыған байланысты танымдық материалдарды ұсынып келеді. Саяси үдеріске қатысқан аға толқын, өткен мен бүгінге көз салған жаңа буын Республика күнін ұлт құндылықтары аясында байыптай бастады.
24 Қазан, 2023
Дәл бүгін әділеттілік пен экономикалық бағдар мемлекетке де, қоғамға да өзекті болып тұр. Бұл ұғымдар – орнықтылықтың да, дамудың да тетігі. Өйткені олар заңдылықты, өркендеуді анықтайды.
05 Қыркүйек, 2023
Күні кеше Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөнінде кеңес өткізді. Бас қаланың түрлі мәселесіне қатысты шаһар басшысына, құрылым жетекшілеріне ащы сын, тұщы ұсыныс айтты.
12 Шілде, 2023
Қаңтар қасіретінен кейін бұрқ-сарқ қайнаған қоғамымызды, әсіресе зиялы қауым мен жас буынды бір серпілтіп, байыпты қалыпқа бастаған Ұлытаудағы тарихи Ұлттық құрылтайдың өткеніне де, міне, бір жыл толыпты. Сонда Ұлы дала төсінде, хандық биліктің рәмізі Жошы сағанасы жанында бой көтерген ақшаңқан шатыр астындағы жиында Мемлекет басшымыз: «Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз», деген еді.
15 Маусым, 2023
Жыл сайын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні таяғанда, көбіміз ойланып қаламыз. «Бұл нәубет қайдан келді? Одан құтылуға болмас па еді? Ұлт қайраткерлері бірлік, көрегендік танытқанда шығын азаяр ма еді?..». Әрине, мұның бәрі – бейбіт һәм тоқ заманның сұрағы.
30 Мамыр, 2023
Еліміз әлемдік, өңірлік һәм ішкі сын-қатерлерге байланысты дамудың жауапты кезеңін бастап, оның темірқазығына – Әділет ұғымын алғаны және 2022 жылы 16 наурызда саяси реформаларды жария етіп, мұны сәтімен жүзеге асырып жатқаны мәлім.
22 Наурыз, 2023