Редакция таңдауы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті кеселдің бірі. Әсіресе күн жылынып, жаз шыға бастағанда бұл дерттің асқына түсетін әдеті. Кәдімгі кене шағудан басталатын қызбаның соңы адам өліміне дейін апарып, қайғылы жағдайға ұшыратады.
11 Маусым, 2019
Шыңғыс Айтматовтың шығармасы сахналанды
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесі бойынша «Арманым – Әселім» атты лирикалық драмасының премьерасы өтті. Шығарманы сахнаға лайықтап қойған – халық әртісі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Талғат Теменов.
11 Маусым, 2019
Қазіргі таңда барлық өңірлер егіс науқанын аяқтады. Науқан кезінде жанар-жағармаймен, тұқыммен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде еш мәселе туындаған жоқ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.
11 Маусым, 2019
Электр қуаты – экономиканың негізі
Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен «Электр энергетикасы саласын дамыту және Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты болды.
11 Маусым, 2019
Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Чжан Сиюнь 9 маусым күні елімізде өткен Президент сайлауына қатысты өз пікірін білдірді.
11 Маусым, 2019
Лайықты тұлға айқын жеңіске жетті
Әлемдік ақпарат құралдары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы жөнінде көптеген хабар таратты. Оның басым бөлігі елімізде өткен сайлаудың ашық әрі әділ ұйымдастырылғанын, лайықты тұлғаның жеңіске жеткенін жарыса жазды. Осы орайда біз шетелдік ақпарат құралдарының ішіндегі жетекші орынға ие агенттіктер мен порталдардың жариялаған хабарларын ықшамдап ұсынып отырмыз.
11 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
11 Маусым, 2019
И.Умаханов: Сайлауда Қазақстан халқы жеңімпаз атанды
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов бастаған ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар делегациясын қабылдады.
11 Маусым, 2019
Ата жұрты Степняк қаласының іргесіндегі шоқ жұлдыздай шағын ғана Сәуле ауылы екен. Бұл жер қазақтың жақсы мен жайсаңы дүниеге келген қасиетті топырақ. Ілкіден жалғасқан ізетті жолды кейінгілер сабақтаған. Соның бірі Мұса қажы Абдос ақсақал. Бүгінде шағын қаладағы ел ағаларының бірі.
11 Маусым, 2019
Мейіргер мамандарының біліктілігі артады
Медициналық қызмет көрсетуде ауқымды топты құрайтын алғашқы буын – мейіргерлер. Сондықтан мейіргер қызметін дамыту аса маңызды істің қатарында. Сырқамайтын, дәрігерге қаралмайтын адам жоқ.
11 Маусым, 2019
Табиғи тағам – денсаулық кепілі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен адам денсаулығының қалыпты болуының бұлжымас бірнеше қағидаттары бар.
11 Маусым, 2019
Жалған нөмірлі автокөліктер анықталды
Кез келген меншіктегі автокөлік нөмірлеріне «мемлекеттік» деген анықтама қосылып айтылады. Елімізде автокөлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері бар нөмірлердің дубликаттарын, яғни түпнұсқа мен заң күші бірдей құжаттың екінші данасын беру өкілеттілігі ішкі істер органдарының құзырына кіреді. Соған қарамастан Ақтөбеде дәл осындай дубликаттарды жеке тұлғалардың жасау деректері белгілі болды.
11 Маусым, 2019
Қазақ ұл туса, «Тұтқа ұстар келді!» деп сүйіншілейді. Өйткені ер бала – шаңырақтың иесі. Ал бір ұлға зар болған жандар «сүндет тойға жеткізе көр» деп Тәңірден тілейтін болған.
11 Маусым, 2019
Ене мен келін етене жақын болса
Бүгінгі таңдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы әрқилы жағымсыз пікірлер айтылып жүр. Бұл жай ғана отбасы, ошақ қасының мәселесі болып көрінгенімен, өз кезегінде ұлттық болмысымыздың бояуын солғындата түсетін мәселе екені бесенеден белгілі.
11 Маусым, 2019
Шымкентте сайлау күні 53 сәби өмірге келді
ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы күні үшінші мегаполисте 53 сәби дүниеге келді.
11 Маусым, 2019
Көптен бері ел аузында жүрген Президент сайлауы мәресіне жетті. Кеше елордада «Сайлау-2019: қорытындысы мен маңызы» атты конференция өтіп, онда қазақстандық сарапшыларға қоса шетелдерден келген саясаттанушылар сайлау науқаны жөнінде өз көзқарастарын білдірді.
11 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
11 Маусым, 2019
47 мың тұрғын атаулы көмекке қол жеткізді
Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 45 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен 7,1 млрд теңге қаржы бөлініпті. Биыл бес айда өңірдің 47 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. 25-31 мамыр аралығында аймақтағы 625 отбасы (2474 адам) атаулы көмек алуға өтініш білдірді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға орай арнайы жиын өткізген облыс әкімі Даниал Ахметов 625 отбасына АӘК 15 маусымға дейін төлену керектігін тапсырды.
10 Маусым, 2019
Айбек Нұғымаров – екі дүркін «Қазақстан барысы»
Өткен сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдынында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен IХ «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Еңселі елордамыздың төрінде тоғызыншы рет ұйымдастырылған айтулы додада, еліміздің ең мықты деген 36 балуаны бақ сынады. Жалпы, биылғы жарысқа 37 балуан қатысуы керек болған. Алайда былтырғы «барыс» Ержан Шынкеев спорттық ғұмырын аяқтап, жолын жастарға беретінін мәлімдеген еді.
10 Маусым, 2019