Редакция таңдауы
Ертеде қыстан дін-аман шыққан ел-жұрт, көрші-қолаң Наурызда бас қосып, амандық, саулық сұрасатын. Көктемнің шапағатын сезініп, қуанысып қауышатын көпшіл қауымның арасында араздасқандар ұшыраса қалса табысатын.
22 Наурыз, 2024
Біздің төл жаңа жылымыз - Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел тұрғындарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
22 Наурыз, 2024
Президент Қазақстан-Грекия ойынын тікелей эфир арқылы тамашалайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тікелей эфир арқылы тамашалайды. Бұл жөнінде ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Наурыз, 2024
Тұтас елді ұйыстырған Ұлыстың ұлы күнін елордадағы Достық үйі де ерекше атап өтті. Өзге этнос өкілдері ақшаңқан киіз үйлер тігіп, ас беріп, алыс-жақыннан келген қонақтарға сый-құрмет көрсетіп, думанды той ұйымдастырды.
21 Наурыз, 2024
«Ұлыстың ұлы күні» Наурыз-марафоны
Кеше «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні» Наурыз-марафоны өтті.
21 Наурыз, 2024
Ұлық мереке аясында ел астанасында алғаш рет «Наурыз бал» атты ауқымды іс-шара өтті. Бұл кеш түрлі елдердің дипломатиялық корпусын, халықаралық ұйым басшылары мен шетелдік компаниялар өкілдерін жинап, ұлттық нақыштарымыз бедерленген думанға ұласты. Классикалық өнер мен ұлттық бояу астасқан Наурыз тойы сан түрлі ойын-сауық пен көрмеге толы болды. Түрлі ұлттың мәдениеті мен өнері де ұлттық мерекенің мерейін асырды. Ағылшындар асық атып жарысты, елшілер би биледі.
21 Наурыз, 2024
Әли Әкбар Талеби МАТИН: Наурыз – Қазақстан мен Иран арасындағы алтын көпір
Наурыз мерекесінің шығу төркіні иран халқымен байланыстырылады. Өйткені атауының өзі «жаңа күн» деген мағынаны беретін парсы сөзі. Ислам діні келмей тұрып бұл күн иран және түркі тектес халықтар мекен ететін өңірлерде кеңінен тойланған. Мұсылмандықты қабылдағаннан кейін де исламмен бірге жасасып, Ұлыстың ұлы күні ретінде сан ғасырлық тарих сүзгісінен өтті. Осы орайда біз Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Әкбар Талеби МАТИН мырзамен арнайы кездесіп, бұл мерекенің Иран еліндегі тойлану ерекшеліктері мен тарихын сұрап білдік.
21 Наурыз, 2024
Ұлттық киімді Ұлыс күні ғана еске алатын әдеттен жыл өткен сайын арылып келеміз. Қазір ел ішінде Наурыз мерекесін күтпей-ақ, қазақы киімді жарқырата киіп жүру үрдіске айналды. Кейбір білім ұяларында мұғалімдер мен тәрбиешілер де жыл он екі ай ұлттық киімді ұлықтап жүр. Қазақы нақышты киімге ғана емес, жеке мүлікке де бедерлеп жүргендер бар. Кейінгі уақытта көз арбайтын көлік ішіндегі орындық тысы мен ою-өрнекпен кестеленген смартфон қаптамасы көбейді. Сәнді сөмке, ұлттық сипаты басым қолсағаттар да сатылымға шығып жатыр.
21 Наурыз, 2024
Наурыз мейрамының тұжырымдамасына сәйкес 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күн өткен өмірімізді еске түсіруге, ата-бабаларымыздың ұлан-байтақ жеріміз бен бірлік-берекеден айнымаған елдігімізді сақтау мен қалыптастыруға қосқан үлесінің маңыздылығын жете түсінуге негізделген.
21 Наурыз, 2024
Оюменен ой айтып, сүйгеніне көңілін кестемен жеткізген қазақ танымындағы киелі мағына жасырылған сан өрнектің құпиясы ілгерілеген кезеңдерге ілескенімен, ішке бүккен сырын жайып салуға асықпай келеді. Мың өрнекті дестелеген кесте өнерінің дәл қай дәуірде пайда болғаны белгісіз, бірақ тарихтың атасы Геродоттың дерегіне қарағанда, антикалық замандағы гректер мен римдіктерден де бұрын алтын жіппен зерленген өрнекті киім алғаш сақтардың жағасы мен өңірінен жалтылдап қылаң берген екен. Әр өрнегіне сыр тұнып, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан қолөнердің бұл түрі, рас, бүгінде әйелдердің ермегі болып есептеледі.
21 Наурыз, 2024
Жаңа жыл дәміне қанша қаржы жұмсалады?
Наурыз мейрамында әр отбасы дастарқан мәзіріне ерекше мән беріп, әдеттегіден әрлі де дәмді еткісі келеді. Құрт пен майын, жент пен талқанын ерте бастан қамдайды. Әсіресе наурызкөжеге қосылатын жеті дәмге асқан ұқыптылықпен қарайды. Реті келсе, дастарқан ажарын ашатын қай өнімді де ертерек алып қоятыны бар. Осы орайда байтақ елімізде мерекелік дастарқанға қанша көлемде қаржы жұмсалатынын сарапқа салып көрген едік.
21 Наурыз, 2024
Қарағандыдағы өзге этнос өкілдері де Ұлыстың ұлы күнін жатсынбайды, қуана қарсы алады. Наурызнаманың онкүндігі басталғалы бері көбі түрлі іс-шарада төбе көрсетіп жүр. Солардың қатарындағы Теміртау қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Наталья Арыстанова туралы ерекше айтуға болады. Қазаққа келін болып түскен Наталья бауырсақты да, наурызкөжені де енесі үйреткен мәзірімен өзі дайындайды.
21 Наурыз, 2024
Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны жасау – бұрынғылардан үзілмей жалғасып келе жатқан өнер. Домбыра жасаудың тәсілі бір болғанымен, әр шебердің жасау әдісі – әртүрлі. Ұлттық аспап жасаумен 30 жылға жуық айналысып келе жатқан белгілі шеберлердің бірі – Нұржан Ділманов. Өзі – шеберлер әулетінен шыққан қолөнерші. Бүгінде оның қолынан шыққан аспаптар еліміздің белгілі өнерпаздарының қолында күмбірлеп жүр.
21 Наурыз, 2024
Технология дамып, уақыт зымырап өтіп жатыр. Құдды дүниенің бәрі өзгеріп жатқандай. Десе де замана жаңғырса да дәуірі өтпейтін дүниелер болады. Олар керісінше құндылыққа айналып, ұлттық код деңгейіне көтеріледі. Осы ұлттық құндылықтарымызға цифрлық саланың қалай әсер еткенін бағамдау мақсатында аз-кем шолу жасадық.
21 Наурыз, 2024
«Бауырсақ пісіруді нағашыларымнан үйрендім»
Эльдана Габермен – неміс қызы. Наурыз мейрамында оның шаңырағындағы дастарқан көл-көсір дәмге толады. Былқытып ет асып, қазанда бауырсақ пісіреді. Ерке Ертістің жағасында бойжетіп, тілі қазақша шыққан жан халқымыздың өнері мен руханиятына 15 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келеді.
20 Наурыз, 2024
Ту ілген бүркітті Президенттің алдында ұшыруды армандаймын – құсбегі
Он күн тойланатын биылғы Наурыз мерекесі аясында бекітілген Ұлттық спорт күніне орай осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш рет көк байрағымызды ілген бүркітті самғатып, рекорд орнатқан құсбегі Ғабит Таңатовпен сұхбаттасқан едік.
20 Наурыз, 2024
Көкпар, аударыспақ, теңге ілу. Елордада ұлттық спорт күні қалай атап өтілді?
Бүгін Қазақстан азаматтары алғаш рет Ұлттық спорт күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Наурыз, 2024
Наурыз-марафоны: Қасым-Жомарт Тоқаев тазысына ерекше есім берді
«Qazaqstan» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен ұлттық арнада сағат 11:00-де Наурыз-марафоны басталды. Марафон телеарна мен оның әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
20 Наурыз, 2024
Ауызашар беру шоу, гала-концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам
Рамазан - игі істердің сауабы еселеніп, құлшылық қадамдары құзар шыңға жететін берекелі ай. Бұл айда міскендерді қуанту, мұқтаждың жоғын түгендеу, жақын-жуықты дастарқан басында қосу қайырлы іс. Жамандықтан тыйып, жақсылыққа жетелейтін Рамазанда көпшілік ауызашар беруге асығады.
20 Наурыз, 2024
Наурыз мерекесіне орай қаржылай жәрдемақы беріледі
21-22 наурызда Шымкентте қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетеді. Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары автобустарда тегін жүре алады, деп жазады Egemen.kz.
20 Наурыз, 2024