Қоғам • 31 Мамыр, 2024

Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы, ұлт әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылып, туған ауылында таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылды

Кіндікқаны тамған қасиетті Нарынқол топырағында қаламгердің 100 жылдығы аясында Алматы облысының әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы бірлесе ұйымдастырған пленэр және «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсауы кесілді.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы, «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Бақытжан Омар, шығарманы түрік тіліне аударған Хусейн Варол, танымал күйші Секен Тұрысбеков, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, ақын, Түркі елдерінің жазушылар одағының төрағасы Есдаулет Ұлықбек және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бауырлас екі ел арасындағы мәдени байланысты дамытудың маңыздылығына, екі жақтан келген қонақтар аса мән берді.

Сонымен қатар Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдері мен өңір суретшілерінің туындыларынан пленэр ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов Алғыс хат табыстады.

Іс-шара соңы Секен Тұрысбек жетекшілік ететін «Ақжауын» камералық оркестрінің концертіне ұласты.