Редакция таңдауы
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығая береді
Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті. Іс-шараға екі елдің мәдениет министрлері – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова төрағалық етті. Сондай-ақ жиынға екі ел делегациялары қатысты.
11 Қазан, 2025
Арал тағдыры – жаһандық мәселе
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді.
11 Қазан, 2025
Шикізатқа тәуелділіктен арылу – стратегиялық міндет
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
11 Қазан, 2025
ТМД елдерінің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін тың мүмкіндіктер қарастыру маңызды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.
11 Қазан, 2025
Сәуле Рабаева: «Мақсатым – перзенттерімнің тұлға болып қалыптасуына күш салу»
Шерхан Қалмырза – UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнаған ең жас қақпашылардың бірі. Ересектер сапына жаңа қосылған дарын әлемге әйгілі «Реал Мадрид» клубына қарсы ойында шеберлік танытты. Халықтық командаға айналған «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысының бізге беймәлім қырын анасы Сәуле РАБАЕВАДАН сұрап білдік.
11 Қазан, 2025
Президент техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құруды ұсынды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2025
«Орталық Азия – Ресей» саммиті: Өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.
10 Қазан, 2025
Елімізде тұтас бір сала – ара шаруашылығына қауіп төніп тұр. Қолданыстағы заң бұл саланы ауыл шаруашылығының дербес бағыты ретінде мойындағанмен, Шығыс Қазақстан облысындағы омарташылар жер телімінен айырылып қалуы мүмкін.
10 Қазан, 2025
«Unitree Go2 Pro» – болашақтың роботы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Jiangsu Huibo Robotics Technology» компаниясымен бірлесіп, оқу орнынан «Цифрлық технологиялар және роботтехника» халықаралық институты мен роботтехника орталығын ашты.
10 Қазан, 2025
Қазақстанның бір топ журналисі мінген ұшақ ару Алматыдан ұзап, 10 миллионнан аса халқы бар Сеул қаласына бет алды. Кореяның ұлттық туризм ұйымы бізге өзін аз уақытта өркениетті ұлт деңгейіне көтере алған, жер-жаһанға технократ, қауіпсіз, заманауи мемлекет ретінде танылған, «Азия жолбарысы» атанған мекенді өз көзімізбен көруге мүмкіндік берді. Осылайша, технология тілімен айтқанда атақты «Kia» мен «Hundai», «LG» мен «Sumsung»-тің еліне табан тіредік. Бейнелеп келтірсек, әуежайдан алыстай бере жасыл барқыт қаптағандай таулы, тұманды түбек таным-көкжиегімізді кеңейтіп, тереңіне тарта түсті. Көңіл алаң, алда – таңсық әлем, бейтаныс бағыт.
10 Қазан, 2025
«Дамумен» өрісін кеңейткен кәсіпорындар
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шара барысында журналистер Қор арқылы несие қаражатын алып кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.
10 Қазан, 2025
51 мың гектар алқап қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде өңірлерде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Біраз уақыт бұрын басталған жұмыс Жамбыл облысында да айтарлықтай нәтиже бере бастады.
10 Қазан, 2025
Облыстағы 352 ауылдық елді мекеннің 232-сі ғана орталықтандырылған ауызсуға қосылған. Жүздеген ауылдың халқы кешенді блок-модульдер мен ұңғымалардың суын тұтынып отыр.
10 Қазан, 2025
Қатарда жұмыс істейтіндердің құқы қорғалады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, оның барысында депутаттар азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған заңдарды қарады.
10 Қазан, 2025
Құрылыс саласын реттейтін құжат бірінші оқылымда мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен кезекті жалпы отырыс өтіп, депутаттар Құрылыс кодексінің жобасы мен бірнеше заң жобасын талқылап, қабылдады. Сондай-ақ әдеттегідей депутаттық сауалдарын жолдады.
09 Қазан, 2025
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сортының бәсі артады. Бұл туралы дәстүрлі «Бақ күні» форумында айтылды. Жері құнарлы Алматы облысында бүгінде аттестатталған 4 тәлімбақ жұмыс істейді. 772 шаруашылық жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. 7 кәсіпорын жемістерді өңдейді. Сондай-ақ сыйымдылығы 48 мың тонна болатын 30 сақтау қоймасы бар.
09 Қазан, 2025
ТШО: тұрақты даму, технология және инклюзия
Үкімет, бизнес өкілдері және энергетика саласы сарапшыларының басын қосқан XVI Еуразиялық «KAZENERGY» форумында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Биылғы форум «KAZENERGY» қауымдастығының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді және энергетикалық ауысудан бастап инновациялар мен цифрландырудың рөліне дейінгі жаңа сын-қатерлерді талқылауға түрткі болды. Форумға Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форум қатысушыларына арналған үндеуін оқып берді.
09 Қазан, 2025
«Қараөзек» серіктестігі бұл күндері егістік алқабының 80 пайыздан астамын жинап үлгерді. Күн ашық болса, төрт-бес күнде дала жұмысы толық аяқталмақ. Ерте көктемде серіктестік 8 150 гектар алқапқа дән сіңірген, оның 2 750 гектары – зығыр, 1 115 гектары – жасымық, қалған бөлікке бидай мен арпа егілген. Майлы және бұршақ дақылдарын егуге себеп болған жай – бағасының қымбаттығы.
09 Қазан, 2025
Мұстафа Шоқайдың АҚШ-тағы кітапқа енген суреті
Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалықпаймыз. Мақсат – қилы кезеңде тарыдай шашылған қазақтың алыстағы деректерін елге жеткізу. Бірде Вашиңтон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабаттан тұратын дүкен бүкіл әлемнің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің тарихы мен тағдырынан сыр шертетін кітаптар дестеленіп тұр.
09 Қазан, 2025
Астанада Лихтенштейнді қабылдайды
2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында еліміздің құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
09 Қазан, 2025