Пікірлер .
Мемлекет қамқор болса, медицина сапалы болады
Бала кезімізде мұғалім мен дәрігерден артық мамандық жоқтай көрінуші еді. Ал қазіргі балаларға мұғалім не дәрігер бол десең, ат-тонын ала қашады. Адамзатқа ең қажетті екі мамандықтың еліміздегі қадір-қасиетін осыдан-ақ бағамдайсың. Қазір қайта мұғалімдердің мәртебесі айқындалды, әлеуметтік жағдайы да жақсарды. Есесіне дәрігердің статусы мен жағдайын әлі күнге жақсарта алмай отырмыз. Медицина саласының сапасы да сын көтермейді.
19 Маусым, 2022
Қаржы тапшылығы қажытпасын десек
«Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзіне және отбасының болашағына жинайтын адамның басына түбінде байлық қонады». Бұл – әлемдік экономикалық әдебиеттің классикасына айналған әйгілі «Вавилондағы ең бай адам» кітабының авторы Джордж Клейсонның сөзі. Расымен отбасылық әмиянды сауатты жоспарлаудың өзі – үлкен өнер. Дамыған елдерде қаржы сауаттылығына баулу, соның ішінде ақшаны үнемдеуге, оны ұқсатып жұмсауға және бюджетті жоспарлауға жастайынан тәрбиелейді. Ал бізде бюджеттің өзі жабық тақырып деңгейінде.
01 Маусым, 2022
Кейде даңғазалық пен дарақылыққа келгенде біздің ел алдына жан салмайтын сияқты көрініп кетеді. Мынаны қараңыз, пандемия мен дағдарыс алқымынан алып тұрған 2021 жылы 20 мың қазақстандық көліктерге арналған «әдемі нөмір» үшін жалпы сомасы 6 млрд-тай теңге жұмсапты. 2020 жылмен салыстырғанда бұл екі еседей артық көрсеткіш. Демек әлемді тығырыққа тіреген экономикалық қиындықтың өзі қазақстандықтардың «өзгелерден дараланамын» деген ниетіне кедергі бола алмапты.
27 Наурыз, 2022
Ғалымдардың болжауынша, жер шары 12 млрд адамды асырауға қауқарлы. Ал былтырғы статистика бойынша дүние жүзіндегі халық саны 8 млрд-қа жуықтады. Демек, енді аз жылда адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Онсыз да қазір жылына миллиондай адам аштықтан қайтыс болады екен.
06 Ақпан, 2022
Той – офлайн, журналистер – онлайн
Елде эпидемиялық жағдай тұрақталды. Карантин шаралары да жұмсарды. Бұрынғыдай қатаң локдаун жоқ. Тіпті қазақтың тойына да рұқсат берілді. Бірақ шенеуніктер мен журналистер арасындағы байланыс қана әлі онлайн күйінде тұр.
13 Қазан, 2021
Нарық заманының қыспағы ма, қазір жеңіл жолмен қомақты қаржыға кенелгісі келетіндер көбейді. Жанды қинамай, көл-көсір байлыққа ие болғысы келгендер күмәнді ұйымдар құрған қақпанға түсіп те жатыр. Бірақ тауы шағылып, беті қайтып жатқан адамдар көрінбейді. Біріншісінің тұзағынан шықса, екіншісіне ұрынып жатады. Тек былтырдың өзінде он мыңдаған адам қаржы пирамидасына алданып қалған. Уәкілетті органдар 2020 жылы жалған қаржы ұйымдарына қарсы 217 қылмыстық іс қозғап, оның 116-сын сотқа жөнелткен.
29 Шілде, 2021
Қазақ журналистерінің телеграм чатында бір әріптесіміз: «Қала күніне орай мерекелік эфирге Саммит, Азиада, Бәйтерек есімді балаларды шақырамыз» деп хабарлама беріпті. Мұндай есімдер шынымен де бар ма деп ойлап қалдық басында. Іле интернетті ақтарып, статистиканы қарасақ, расымен Қазақстанда Саммит деген есімі бар 22 ер бала, Саммита атты үш қыз және 15 Саммитхан бар екен.
08 Шілде, 2021
Қазақтың көбі қарызға белшесінен батқандай көрінеді кейде. Банкке де қарызбыз, бір-бірімізге де қарызбыз, қыл аяғы, ораза ұстап, Құдайдың алдында да қарыз болатынымыз бар.
09 Маусым, 2021
Әсілінде «дені дұрыс» кезек алға жылжиды. Бірақ жұртшылық балабақша орындарын әділ үлестіреді деп сенген indigo24.kz балабақша кезегі кері кетіп тұр.
06 Мамыр, 2021
Ертең, яғни 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күн. Осы атаулы күні әлемнің көптеген елі кітапқа, кітап оқуды ынталандыруға байланысты жалпыхалықтық сипаттағы мерекелер өткізіп жатады. Ал Қазақстандағы іс-шаралар тек кітапханалар деңгейінен аспайды.
22 Сәуір, 2021
Бас шаһар түтінге тұншығып тұр. Әсіресе таңертеңгілік және кешкі мезгілде мұржалардан шығатын қою көк түтін астана аспанын торлап, иісі қолқаны қабады. Әдетте қаламыздың аяғын жерге тигізбей мақтаймыз. Бірақ көк түтінге келгенде, үніміз шықпай тұр. Былтыр «Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, Нұр-Сұлтан елдегі ең лас қалалардың қатарына қосылған еді. 2019 жылы елордада атмосфераға 108 мың тонна ластаушы зат таралыпты. Оның 33,5%-ы (59 мың тоннасы) – жылу-электр орталықтарына, 29%-ы – жеке секторға, 32,5%-ы ескі көліктерге тиесілі болған.
16 Сәуір, 2021
Қазіргі қазақ қоғамында еркек кіндіктілерден гөрі әйелдердің қоғамдық белсенділігі ерекше болып тұр. Осыдан екі жыл бұрын періште бес қыз қапияда қаза болғанда бас көтеріп, көшеге шыққан да әйелдер еді. Осы аналардың арқасында көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бірден төрт еселеп өскенін жұртшылық жақсы біледі. Бұдан кейін әйелдердің митингіге шығуы жиілеп кетті. Алдыңғы күні әртүрлі плакат ұстаған қыз-келіншектер Алматыда тағы бір шеру өткізді. Бірақ бұл жолы олардың талабы деген сұрапыл...
10 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласындағы гүл сататын дүкеннің алдында жиналған қарақұрым халық бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде шу болып жатыр. Жайшылық күндері жұртшылықтың бір жерде осынша көп жиналуы − шынымен де сирек құбылыс. Күннің суығына, вирустың өршіп тұрғанына қарамастан, елді ала таңнан тұрғызып, кішкентай бір дүкеннің алдында алып келген не дейсіз ғой? Сөйтсек, мұнда ұтыс ойнатылатын көрінеді, жұртшылықтың көксегені – ұтыстан тегін көлік ұтып қалармыз деген дәме екен.
09 Ақпан, 2021