Редакция таңдауы
Елдің ертеңі мектептен басталады
Жетісу облысы құрылғаннан бері 20 жаңа білім ордасы салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде арнайы қор есебінен 2 бірдей білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Көксай ауылында болса, бірі – Текелі қаласында. Олар келер жылы оқушыларға есігін ашады.
10 Қыркүйек, 2025
Өңірдің дамуы һәм өмір сүру сапасы
Адам өмірінің ұзақтығы мен сапасы тек биологиялық факторларға ғана емес, сонымен қатар елдегі экономикалық жағдайға, әлеуметтік қолдауға және медициналық қызметтердің дамуына тікелей байланысты. Бір мемлекетте өмір сүру деңгейі жоғары болса, екіншісінде бұл көрсеткіш төмен болуы мүмкін. Мұның артында халықтың табыс деңгейі, білім мен медицинаға қолжетімділігі, қоршаған орта жағдайы секілді күрделі себеп-салдарлар жатыр. Бұл айырмашылықтар тек елдер арасында ғана емес, тіпті бір елдің өңірлері арасында да айқын байқалады. Демек, өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық көрсеткіші өңірлік даму деңгейіне тәуелді екенін аңғаруға болады.
10 Қыркүйек, 2025
Әлеуеті мол агроөнеркәсіпті өркендету міндеті
Алдағы уақытта елімізде жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту көзделіп отыр. Бұл мақсатқа егін алқаптарын әртараптандыру, суды көп қажет ететін әрі монодақылдарды қысқарту, жоғары рентабельді дақылдар көлемін арттыру, отандық тұқыммен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, сондай-ақ техниканы жаңарту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы бізге берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.
10 Қыркүйек, 2025
Жалағаш ауданындағы Жүргенов ауылында «Дала күні – 2025» іс-шарасы өтіп, онда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов күрішке алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты. Ел несібесінің қамбаға құйылар сәті бастау алған жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, еңбеккер жұрттың тыныс-тіршілігін бейнелейтін қойылымдар көрсетілді.
10 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Google деректерінің таралуына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2025
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2025
Адам капиталын өрістетудің айрықша міндеттері
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика салаларының инновациялық әлеуетін күшейту, ғылымның күш-қуатын өндіріс пен ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану сияқты күрделі мәселелерді қозғады.
09 Қыркүйек, 2025
AUYL SPORT 2025: ауыл балаларына жаңа мүмкіндік
2025 жылы 10 мыңнан аса жасөспірім жеті спорт түрінен чемпиондыққа таласады.
09 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік наградамен марапатталды
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай сала ардагерлеріне және «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті. Іс-шарада «ҚМГ» басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің мұнай-газ секторының қалыптасуына еңбек сіңірген ардагерлерге ілтипат білдірді.
09 Қыркүйек, 2025
Кіші сержант даярлайтын әскери колледж
Қазақстанның Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен шаһарда Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж салтанатты жағдайда ашылды.
09 Қыркүйек, 2025
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат ел дамуының стратегиялық бағдарын айқындап, мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы маңызды бағыттарын белгілеп берді.
09 Қыркүйек, 2025
Елімізде бензин бағасы өсе ме?
Қазақстан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі бензин бағасына қатысты алаңдаушылыққа жауап беріп, қазіргі жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2025
Президент Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетті инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында айтты, деп жазады Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2025
Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
7 қыркүйек күні әлем чемпионатының шаршы алаңына шыққан былғары қолғап шеберлері жекпе-жектерін жеңіспен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2025
Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қыркүйек, 2025
Ұлттық жобаның көкжиегі кеңейсе....
Президент тапсырмасына орай елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асып жатыр. Жоба аясында биыл жаңа пішіндегі 57 мектептің табалдырығын 100 мыңға жуық оқушы аттады.
06 Қыркүйек, 2025
Агроөнеркәсіп: қайта өңделген өнім үлесі
Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Үкімет Жолдауда айтылған тапсырманы орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Биылғы қаңтар-шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жеткен. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
06 Қыркүйек, 2025
Мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиында Президент мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.
06 Қыркүйек, 2025
Осы күні қаржы қызметін жасанды интеллект арқылы ұсынатын қосымшалар көбейіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, қаржы нарығының болашағы – цифрлық трансформацияға тікелей тәуелді. Мұндай өзгерістердің негізінде тұрған ұғымның бірі – финтех, яғни қаржылық қызмет пен жаңа технологиялардың тоғысуы. Ол мобильді банкинг, онлайн-төлем жүйесі, криптовалюта платформасы, жасанды зердеге сүйенетін кеңесші сияқты халыққа қолжетімді әрі ыңғайлы қаржылық экожүйе құруға мүмкіндік береді. Дәл осы үдерістерді талқылауға арналған – «Astana Finance Days 2025» форумында басты назар финтех пен цифрлық инновацияларға ауды.
06 Қыркүйек, 2025
Жұмыспен қамтуға жүйелі көзқарас
Шымкент қалалық прокуратурасы, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен шаһардағы дендросаябақта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Осы секілді іс-шаралардың септігі болса керек, шаһарда кейінгі кезде жұмыссыздық деңгейі азайып келеді.
06 Қыркүйек, 2025