Редакция таңдауы
Парламент кезекті сессиясын қорытындылады
Заң шығару билігін жүзеге асыратын еліміздегі ең жоғары өкілді орган – Парламент кезекті сессиясын қорытындылап, депутаттар каникулға кетті. Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен парламенттік қос палатаның бірлескен отырысында осы мәселе күн тәртібіне шығарылып, ол бойынша Мәжіліс төрағасы қорытынды сөз сөйледі.
01 Шілде, 2025
Президент әлемдік нейрохирургия өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады.
01 Шілде, 2025
Сырт көз – сыншы. Алғаш Алаш шаһарына келгенде көшенің шаңынан көз аша алмайтын едік. Облыс орталығының тазалығына жауаптыларды өңір басшысы да аямай сынға алды. Нәтижесінде, қазір тек Семей қаласы ғана емес, өңірдің де өңі кіре бастағаны сезіледі.
01 Шілде, 2025
Көгалдандыру жұмысы аясында биыл өңірде 120 мың көшет отырғызылды. Бұл – аймақтың абаттануына, табиғатты қорғауға бастайтын ауқымды жұмыстардың бірі. Бүгінде тұрғындар өзі тұратын ауланы жасыл-желекке орауды қызу қолға алып жатыр. Айталық, Көксу ауданында жалғыз өзі ауылында 8 мың түп көктерек көшетін отырғызған тұрғын бар. Ол он бес жылдан бері осы игілікті іспен айналысып келеді.
01 Шілде, 2025
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеу шараларын қайта бастау туралы шешімді растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2025
Былтыр тыңдарман қауымның рухани әлеміне жаңаша леп әкелген ақпарат құралы – «Alqa» радиосы эфирге жол тартты. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Алаш арыстарының аманатын арқалаған бұл радио ұлттық құндылықтарды насихаттап, рухани мұраны жаңғыртуды басты мұрат еткен. Танымдық әрі тәрбиелік мазмұнға бай хабарларымен танылған медиа-ресурстың құрылғанына жуырда бір жыл толды. БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында біз радио редакциясына арнайы бас сұғып, жұмысымен танысып қайтқан едік.
28 Маусым, 2025
Дәстүрлі қазақ қоғамында хандар мен сұлтандардан кейінгі әлеуметтік сатыдан орын алатын ел басшылары – билер. Би тек қара халықтың өкілдерінен ғана сайлана алатын, ал ақсүйек тұқымына мұндай құқық берілмеді, бірақ қазақ әдет-ғұрпына негізделген сот істеріне араласып отырған.
28 Маусым, 2025
Еуразиялық даму банкі кеңесінің басқосуы
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Қаржылық ұйымның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алда атқарылар өзекті мәселелер қаралды.
28 Маусым, 2025
«Amanat» партиясы 62 заңға бастамашылық етті
Мәжілістегі VIII шақырылымының III сессиясында атқарылған жұмыс бүгін «Amanat» партиясы фракциясының жиынында қорытындыланды. Депутаттар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ халық қалаулыларының сайлаушылармен кездесу мақсатындағы өңірлерге сапарына дайындық мәселелерін талқылады.
28 Маусым, 2025
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті
Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мәжіліс және Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітті. Сондай-ақ ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы нақтыланды.
28 Маусым, 2025
Семей көшелерінде – заманауи көліктер
Облыс орталығының көшелеріне жаңа 44 автобус шықты. Жаңа көліктер №24, №4, №35, №12 бағыттарда жолаушы тасымалдауға маусым айының соңында кіріседі.
28 Маусым, 2025
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Маусым, 2025
2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
27 Маусым, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артады
Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
27 Маусым, 2025
«Tasqyn» жүйесін жетілдіру қадамдары
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы және «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеу жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында қолданыстағы механизмнің тиімділігі сараланды.
27 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылу көздері мен жылу желілерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру аясында Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервтен 2,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
27 Маусым, 2025
«Келешек мектептері» – болашаққа салынған инвестиция
Кейінгі жылдары отандық білім саласында сапалы және қолжетімді білім алуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жиі айтылатын екі ұғым бар: біріншісі – «Келешек мектептері», екіншісі – элиталық мектеп. Сырт көзге ұқсас көрінгенмен бұл екі форматтың миссиясы мен жүзеге асу жолдары әртүрлі.
27 Маусым, 2025
Сенат сессия жұмысын қорытындылады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
27 Маусым, 2025
ЕАЭО ғаламдық үдеріс көшінен кеш қалмауы керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь астанасы Минск қаласына барып, Еуразиялық экономикалық форумға қатысты.
27 Маусым, 2025
Жамбылда 30 жоба іске асырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызы зор екенін ұдайы айтып жүр. Әсіресе, тікелей шетелдік инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы ел экономикасын үстемелеу Президент назарынан тыс қалған емес. Сол тұрғыда соңғы жылдары өңірлерде жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жамбыл өңірінде де көңіл көншітерліктей жобалар қолға алынған.
27 Маусым, 2025