Редакция таңдауы
Бүгін Бөкей ордасы құрылған күн
1801 жылдың 11 наурызында Ресей патшасы І Павелдің жарлығымен Еділ мен Орал өзендерінің арасында 1801-1876 жылдар аралығында өмір сүрген Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды.
11 Наурыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
09 Наурыз, 2025
Президент: Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік құттықтау сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2025
Бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2025
Ораза сергектік пен жауапкершілікті күшейтеді - терапевт-гастроэнтеролог
Рамазан айындағы отыз күн оразаның сауабынан бөлек, денсаулыққа пайдалы жағы да көп. Дегенмен бойында кінәраты бар кейбір адамның ағзасына кері әсері де болуы мүмкін. Ас қорыту жүйесінің дерті көбейіп тұрған бүгінгі заманда ауыз бекітудің пайдалы тұстарымен қатар, жанама кері әсерлерін де білген абзал. Осы мақсатта Астанадағы «Жәрдем» медициналық орталығының терапевт-гастроэнтерологі Нұргүл Исаевамен сұхбаттасқан едік.
07 Наурыз, 2025
Қиын кезде қолдаған халыққа риза
Қазаққа жиі алғыс айтатын этностың бірі – кәріс. Өйткені жергілікті тұрғындар 1937 жылы Қиыр Шығыстан депортацияланған оларды кеудеден итермей, бауырына басты. Қазір Атырау облысында қиырдан жер аударылған этностың 3 мыңға жуық өкілі бар.
07 Наурыз, 2025
Отандастарымыз микроқаржы ұйымдарының қарыз батпағына батып барады – берешек 1,2 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 12,9%-ға өсті. Халық банктен бір, шағын ұйымдардан бір пайызы шарықтаған қарыз алып, алаңнан арыла алмай отыр. Мемлекет бақылауды күшейтсе де, қарызға тәуелділік күн сайын өршіп келеді. Қаржы дағдарысының шеті көрінер емес...
07 Наурыз, 2025
Борышкерлер енді бұлтара алмайды
Бала құқығын қорғау мен олардың әлеуметтік жағдайына қарайласу – «Заң мен тәртіп» қағидатын бетке ұстаған әділетті қоғам алдындағы басым міндеттің бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданып, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдатылғаны – соның айқын мысалы.
07 Наурыз, 2025
Білім ордасының меншігі қашан қайтарылады?
Елімізде әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен мемлекет меншігін қайтару ісі жалғасып жатыр. Талапайға түскен нысандардың айналасында даулы мәселелер аз емес. Алматыда өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.
07 Наурыз, 2025
Ана мен бала өмірін қалай сақтаймыз?
Еліміздің кейбір өңірлерінде ана мен бала өлімі азаймай тұр. Сәби сүюге талпынған аналардың бақилық болуына, жарық дүние есігін енді ашқан нәрестелердің шетінеуіне не себеп? Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Атырауда өткен көшпелі отырысында талқыланды.
07 Наурыз, 2025
Қазақстанда ипотекалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін
Елімізде ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл бастама тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Наурыз, 2025
Бектенов Президенттің Алматыда БҰҰ Орталығын құру бастамасының маңыздылығын атады
Премьер-министр Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Наурыз, 2025
«Жомарт» кенішіндегі апаттың алдын ала себебі анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды, деп жазады Egemen.kz.
05 Наурыз, 2025
Салық кодексі аясында жүзеге асуы мүмкін жаңашылдықтың бірі – қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қоюдың шегін қазіргі 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету. Үкімет өкілдерінің пайымдауынша, бұл бизнеске де, мемлекетке де пайдалы болмақ. Әрі қарай министрлер былай дейді: елімізде тіркелген 2 млн 300 мың салық төлеушінің 137 мыңнан астамы ғана ҚҚС төлеуге міндетті. Енді соның 88 мыңы ғана ҚҚС төлеуде адалдық танытады екен. Аз ба? Иә, соншалықты көп емес. Бұл қаншама қаржының қазынаға құйылмай жатқанын айғақтайды. Мұның бірден-бір себебі жоғарғы шек дейді шенділер.
05 Наурыз, 2025
Адырдың арғы жағы қалың қарағай. Ұшы-қиыры жоқ қылқанды орманның арасында отыз шақты үй отыр. Өскемен – Самар бағытындағы күре жолдан төрт-ақ шақырым жердегі бұл ауыл тұрғындарының жалғыз-ақ тілегі – ауыл мәртебесін алу. Әйтпесе, не картада, не тізімде жоқ. Жиырмадай гектар жерді орман шаруашылығы жерінен шығарып, әкімшілік аумаққа өткізсе жөн болар еді.
05 Наурыз, 2025
Судьялар ісін тексерудің тың тәсілі
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Жоғары сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің жұмысындағы жаңа тәсілдер туралы» атты баспасөз мәслихатында судьялардың заң бұзып, өрескел қателіктер жіберу фактілерін тексерудің жаңа тетігі қолданысқа енгізілгені хабарланды.
05 Наурыз, 2025
Балалар хоры мен ансамбльдерінің негізін қалаушы, композитор Ибрагим Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаттың іргесі қаланып, іске қосылғалы 60 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында облыстың әр түкпірінен келген сан жүздеген бала интернатқа орналасып, алаңсыз білім алып, үлкен өмірге қанат қақты. Сапалы білім мен саналы тәрбиенің ошағына айналған мектеп-инернаттан түлеп ұшқан түлектер еліміздің әр саласына кірпіш боп қаланып, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүр.
05 Наурыз, 2025
Кәсіби қабылдаушы отбасы: үдеден шықса игі
Биылдан бастап елімізде Кәсіби қабылдаушы отбасы жүйесі қолданысқа енді. Бұл бастама ата-анасынан айрылған, қараусыз қалған бүлдіршіндерді бірден балалар үйлеріне жібермей, бала бағуға дағдыланған отбасыларға жіберуді қарастырады. Өйткені баланы тапқанымен бақпай немесе асырап алса да, үлкен аманаттың үдесінен шыға алмайтын ата-аналар мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек.
05 Наурыз, 2025
Астрономдар аспанда ерекше рентген жарқылын байқады. Оның ұзақтығы небәрі 10 секунд болған.
05 Наурыз, 2025
ҚБТУ мемлекет меншігіне қайтарылды
Динара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Наурыз, 2025