Сурет ашық дереккөзден алынды
«Бұл хабарды есту, әрине, ауыр болды. Ісіктің көлемі гольф добындай үлкейіп кеткен. Бірақ мен інім мен сіңлімнің өскенін көргім келді», дейді ол сол сәтті еске алып. Содан бойжеткен 13 ай бойы химиотерапия мен сәулелік ем қабылдап, өмір сүруден күдерін үзбей, әйтеуір бір ғажайыпқа сеніпті. Ал емнен кейінгі тексерісте дәрігерлер аң-таң болыпы. Өйткені ісік ізім-ғайым жоғалып кеткен. Мінекей, бұл оқиға адамның ішкі сенімі кейде медицинаға да бағынбайтын керемет жасайтынын көрсеткендей.