Қоғам • Бүгін, 07:40

Әйгерімнің дебюті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге әйгілі Ла Скала театрында «Астана Опера»-ның жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Алтынбек дебют жасады. Әнші италиялық композитор Сильвия Коласантидің «Анна А.» жаңа операсында екі партияны орындады.

Әйгерімнің дебюті

Бұл қойылым – театр тарихындағы айрықша оқиға. Ла Скала 245 жыл ішінде алғаш рет операны әйел композиторға жазуға тапсырыс берген.

Спектакльде әнші Нина Берберова мен Марина Цветаеваның образын сахнада шебер сомдап, әр кейіпкердің мінезі мен эмоционалдық желісін терең ашуға мүмкіндік берген Сильвия Коласантидің музыкасын жоғары деңгейде жеткізді.

«Ла Скала сахнасында өнер көрсету – кез келген әншінің арманы. Бір жағынан, бұл өнерпазға жауапкершілік жүктейді. Алайда осындай тарихи сәтті сезінгенде басқаша әсерде боласың. Мен осы қойылымда Анна Ахматованың әлемімен жақын танысып, поэзияға терең бойладым», деді ол.

Айта кетейік, қазір Әйгерім Алтынбек Ла Скала театрының академиясында тағылымдамадан өтіп жатыр. Бұған дейін дарынды өнерпаз көптеген халық­аралық вокал байқауының лауреаты болған.