Редакция таңдауы
Асхат Аймағамбетов: ЖОО-да қолданылатын әдістемелер күмән туғызады
"Өкінішке қарай, көп жоғары оқу орындарында қолданылатын әдістемелер күмән туғызады. Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға уақыт табу қиын. Сондықтан жақын арада Министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады", дейді Білім және ғылым министрі.
02 Желтоқсан, 2020
Еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтары ашылады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2020
ЖОО-дағы қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды
Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық отырысында министрліктің бірқатар бұйрығына өзгерістер енгізілгенін және оқытушылар толтыратын құжаттар көлемінің айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Желтоқсан, 2020
Ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы жақсарады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық отырысында елімізде биотехнология ғылымын дамытуда қандай мәселелерге назар аударылуы керектігін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Желтоқсан, 2020
Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
ОСК Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Желтоқсан, 2020
Жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салына ма?
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Желтоқсан, 2020
Шетелден келген 85 адамның ПТР анықтамасы жоқ
1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
02 Желтоқсан, 2020
Өткен тәулікте 689 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 689 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
02 Желтоқсан, 2020
Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды
Тұңғыш Президент күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Желтоқсан, 2020
Ресейде вирустан бір тәулікте 596 адам қайтыс болды
Ресейде коронавирустан бір тәулікте 596 адам қайтыс болды. Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 26 402-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Желтоқсан, 2020
"Бектас-Қоныс" кен орнындағы өрттен үш жұмысшы көз жұмды
ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли "Бектас-Қоныс" кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы мерт болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Желтоқсан, 2020
ПТР-анықтамасының мерзімі өтіп кеткен екі шетел азаматы депортацияланды
Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Желтоқсан, 2020
Түркістан облысында әдепсіз әкімдердің жауапкершілігі қаралды
Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар лауазымдық тұлғалардың тәртіптік ісі қаралып, жауапкершілікке тарту бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Желтоқсан, 2020
Қостанайда үш өрт сөндіру бекеті ашылды
Қостанай облысында үш өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы Қазақстан Магниткасының от-жалын атқан домнасынан басталғаны туралы талай кітап жазылып, мақалалар жария болды. Әлі де жазыла бермек. Өйткені қарапайым горновойдан егемен еліміздің алғашқы басшысына дейін жүрген жолы, алып империяның шаңырағы шайқалғанда қолына дербестік туын берік ұстап, халқын салиқалы саясатының арқасында нарықтық экономика жолына бағыттай білген ерен еңбегі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс. Елбасы феномені әлі талай оқулыққа еніп, аты аңызға айналары даусыз. Сондықтан биыл Теміртауда өткізілген біраз шарада, атап айтқанда Қазақстан Магниткасының 60 жылдығы мен Теміртау қаласының 75 жылдығында осы қаладан түлеп ұшқан әлемдік масштабтағы қайраткердің көшбасшылық қасиеті жан-жақты әңгіме болды.
01 Желтоқсан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасын өз елінің, өз мемлекетінің тарихы мен тағдырынан бөле-жара қарау мүмкін емес.
01 Желтоқсан, 2020
Мәулен Әшімбаев: Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді
Барша Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдауын жасап, еліміздің Тұңғыш Президентін сайлады. Бұл тәуелсіздік жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі болды деп айтуға толық негіз бар.
01 Желтоқсан, 2020
Ұлы тұлға есімі – мәңгі тарих бесігі
Қостанай облысы полиция департаментінің бас ғимаратында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, «Ұлы тұлға есімі – мәңгі тарих бесігі» атты кітап көрмесі ашылды.
01 Желтоқсан, 2020
Көпшілікке мына тарихи суретті ұсынуды жөн көрдім. Бұл тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасымыздың Катонқарағай ауданына алғаш келген кездегі Берел ауылының маңында, сол кездегі аудан басшылары мен Катонқарағай марал кеңшарының еңбеккерлерімен түскен суреті. Әрине, Елбасымыз шырайлы шығысқа, оның ішінде жер жаннаты аталған Катонқарағай жеріне одан кейін де сан мәрте ат басын бұрғаны белгілі. Соның ішінде ауданымызға Елбасының алғаш келуі жерлестеріміздің жадында қалып, әлі күнге тамаша бір сезімдермен еске алып отырады.
01 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент және дамудың қазақстандық моделі
Қай елде болса да замана жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелі мол азаматқа, дара тұлғаға сұраныс ерекше болатыны тарихтан белгілі. Оларға тән терең ой, кемел ақыл, биік рух, қайрат пен қабілет түрлі тарихи сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Ұлыбританияда – Оливер Кромвель, Үндістанда – Джавахарлал Неру, Түркияда – Мұстафа Кемал Ататүрік, Сингапурда – Ли Куан Ю, Малайзияда Махатхир Мохамад елдерінің жаңа жолының көшін бастаған дара тұлғалар болды.
01 Желтоқсан, 2020