Оқи отырыңыз
Агросаланы дамытудың басты тетігі – ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағамен өткізу. Бұқар жырау ауданындағы бірнеше шаруа қожалық енді өздерінің еңбекпен жиған өнімін өңіріміздегі алпауыт «Qarmet» компаниясына үздіксіз саудалайтын болды. Мұнымен қоса, осы аудан Президент тапсырған «Тауарлы несие» тетігін алғашқылардың бірі болып іске қосты. Осындай қолдау көрген агрокешеннің алға қадам баса беретіні анық.
05 Желтоқсан, 2024
Әйгілі майдангер, үш дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының, Қарағанды қаласының, Шет, Жаңаарқа аудандарының құрметті азаматы, абыз ақсақал Камали Жұматайұлы Дүйсембеков ортамызда болғанда биыл 100 жасқа толар еді.
05 Желтоқсан, 2024
Қазына қаржысын қорғаудың маңызы
Нарықтық қатынастар мен құқықтық мемлекет құру жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу – өзекті мәселе. Себебі бұл – мемлекеттік қызмет органдарының беделіне ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуын тежейтін әрі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуметтік құбылыс.
05 Желтоқсан, 2024
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз», деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай туған жерінде тұғырлы ескерткіш орнатуды, Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашуды тапсырған еді.
05 Желтоқсан, 2024
Мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды
Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендерге заң қатаң. Десе де, тәртіпке бағынбайтын, ішімдікке сылқия тойып, рульде ағындайтындар қатары азаймай тұр. Айналдырған үш күннің ішінде облыс полицейлері 20-дан аса жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтаған.
05 Желтоқсан, 2024
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күні еліміздің үш былғары қолғап шебері рингке көтеріліп, барлығы да қарсыластарынан басым түсті. Олар – Махмұд Сабырхан (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Милана Сафронова (67 кг).
05 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Автоматтандырылған метро
Сауд Арабиясынның Эр-Рияд қаласында әлемдегі ең ірі автоматтандырылған метро іске қосылды.
05 Желтоқсан, 2024
«Қазақконцерт» солисі Әйгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей, Иран елдерінен 70 өнерпаз қатысты.
05 Желтоқсан, 2024
Биыл шалғайдағы 1,3 млн тұрғын медициналық көмек алған
Ауыл тұрғындары үшін елдің шалғай аудандарында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) белсенді жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Өзін-өзі құмар ойындардан шектеу мерзімі 10 жылға ұзартылды
Бұған дейін азаматтар өзін құмар ойындардан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге шектей алатын. Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды. Қызметті eGov mobile қосымшасы арқылы пайдалануға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Елімізде ауа райы -20 градусқа дейін төмендейді
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстандағы 5-7 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Дулат Бекбауов малайзиялықты нокдаунға жіберді
Бүгін Таиланда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Жапон боксшысы Диас Молжігітовпен жұдырықтасудан бас тартты
Бүгін Азия чемпионатының бесінші күнінде Диас Молжігітов жапон боксышысымен жұдырықтасуы тиіс еді, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Тұман түсіп, көктайғақ болады: бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Алматы облысының ауыл шаруашылығы секторы биыл айтарлықтай жетістікке жетті. Облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңы 420 мың гектарды құрады, оның ішінде бүгінге дейін 405,6 мың гектар егін жиналды. Бұл – жалпы жоспардың 96 пайызы. Жиналған өнім ішінде картоп, көкөніс, дәнді және майлы дақылдар айтарлықтай көп.
04 Желтоқсан, 2024
Ертіс-Баян өңірінде мал соятын және өлекселерді көметін орындарға қатысты мәселе туындап отыр. Кейбір ауыл тұрғындарына жалғыз қойын сойса да, 50-60 шақырым жерге сандалуға тура келеді. Ал мал қорымдарының жоқтығынан кейбір ауданда бруцеллез ауруы өршіп кеткен.
04 Желтоқсан, 2024
«Жылжымалы дәріхана» өңірлерге тиімді ме?
Еліміздегі дәрі-дәрмек нарығы жыл санап өсіп келе жатқанымен, шалғай ауылдардың халқын сапалы медициналық препаратпен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілмей тұр. Мұны ескерген Үкімет жақында ауылдар үшін жылжымалы дәріхана пункттерін іске асыру туралы заң жобасын жариялады. Мұнда қандай мәселелер ескерілуі керек?
04 Желтоқсан, 2024
Көру қабілетін сақтаудың бірегей әдісі
Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникаларының базасында көздің трансплантологиялық операциялары қайта қолға алынды.
04 Желтоқсан, 2024
Халқымыздың мәдениет кеңістігінде өзіндік орны бар өнер ордасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Өнер ордасының мерейтойлық жылы Республика сарайында өткен гала-концертте қорытындыланды.
04 Желтоқсан, 2024
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойына орай жатақхана құрылысы басталып, болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула студенттерге арналған ғимараттың іргетасына қаланды.
04 Желтоқсан, 2024