Оқи отырыңыз
Каспий теңізінің ғана емес, еліміздің тыныштығын, бейбіт өмірін қорғау жолында кірпік қақпай көк айдын төсінде жүрген жігіт шәкірт тәрбиелеуге, білгенін жастарға үйретуге құштар екен. Осылайша, өз қызметін сүйетін боцман «зейнетке осы қызметтен шықсам» деп армандап қояды...
17 Сәуір, 2023
Астанада «Қазақстан Республикасының жалпы әкімшілік құқығы» атты кітабының тұсауы кесілді. Туынды авторы – заң ғылымдарының докторы Роман Мельник. Салтанатты іс-шара еліміздегі белгілі оқу орындарының бірі Мaqsut Narikbayev University-інде өтті.
17 Сәуір, 2023
Еліміз Ауғанстанда сауда үйін ашады
Ауғанстанға гуманитарлық көмектің кезекті легі жеткізілді. Оны Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Кабулға барған сапарында елдің билік өкілдеріне тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашуға келісті. Енді Талибан билігі елімізде өз дипломаттарын қабылдауды сұрап отыр.
17 Сәуір, 2023
Майдангер тарихшыға арналған конференция
Биыл қазақтың майдангер қыздарының бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Шағила Әкімбайқызы Құсанованың (1923-2019) туғанына – 100 жыл.
17 Сәуір, 2023
Доллар бағамы 2 теңгеге төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
17 Сәуір, 2023
Үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2023
Ауа райына байланысты кешігіп жатқан әуе рейстерінің тізімі жарияланды
Азаматтық авиация комитеті кешігіп жатқан әуе рейстерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2023
Жаңаөзенде үйінділер астынан тағы үш адам құтқарылды
Жаңаөзенде құтқарушылар үйінділер астынан тағы үш адамды алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2023
Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысы өтетін жерге келе алмады
Сот процесі Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2023
Астанада оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқиды
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
17 Сәуір, 2023
Бизнес білімді қамқорлығына ала ма?
Шетел тәжірибесінде қамқоршылар қаражаты білім саласын қаржыландырудың тиімді құралы ретінде жемісін беріп келеді. «SWFI» тізіміндегі Стэнфорд, Принстон, Йель, Гарвард және Массачусетс сияқты ірі университеттердің капиталы миллиардтаған долларды құрайды. Бұл қаражат білім беру, зерттеу бағдарламалары, инфрақұрылымды жетілдіру, студенттерді қолдау бағытындағы тиімді жобаларға жұмсалады. Біздегі жағдай қандай?
17 Сәуір, 2023
Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы ел тарихында екінші рет командалық әлем чемпионаты саналатын Билли Джин Кинг кубогі жолындағы жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Елордадағы Ұлттық теннис орталығында өткен бәсекеде ел мақтанышы Елена Рыбакина бастаған жерлестеріміз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектің отандастарын 3:1 есебімен қапы қалдырды.
17 Сәуір, 2023
Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтің Қызылорда облысына жұмыс сапары Шиелі ауданындағы білім, медицина ұйымдары жұмысымен танысудан басталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алтай Сейдірұлына саладағы мәселелерді таныстырып өтті.
17 Сәуір, 2023
Премьер-министр Ә.Смайылов өткен аптада Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барып, Жезқазған мыс зауытында, Анненск кенішінде, Жезқазған жылу-электр орталығында, Сәтбаев орталық ауруханасында болды. Бұдан басқа да нысандарды аралап көріп, жұртшылықпен кездесіп, пікір алмасты. Сапар соңында орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшылары қатысқан Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
17 Сәуір, 2023
Ынтымақтастықты нығайтатын ұсыныс
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 55-пленарлық отырысы өтті. Алқалы жиынға Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент Палаталарының басшылары қатысты. Аталған жоғары парламентаралық алаңға Қазақстан делегациясын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды.
17 Сәуір, 2023
Қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр
Қостанай облысында қызылша жұқтырған екі жасар бала тіркелді. Дәрігерлер сәбидің анасы жұқпалы ауруға қарсы вакцина егуден бас тартқанын айтып отыр. Оның үстіне бала наурыз айының 18-і мен 20-сы аралығында Ресейде болған.
16 Сәуір, 2023
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Менің пірім – Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің 95 жылдығына арналған аламан айтыс Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеевтің демеушілігімен өтті.
16 Сәуір, 2023
Неміс университетімен байланыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау үшін Батыс аймақтағы университеттер базасында Германияның жетекші университеттерінің филиалын ашуды тапсырғаны есімізде.
16 Сәуір, 2023
Жалпы, Жетісуда білім мен медицина саласында басбұзар әрекеттер жиі кездеседі. Былтыр облыстық аурухана қызметкерінің ақша жымқырғаны елді бір шулатқан еді. Енді Талдықорған қалалық білім бөлімінде дәл осындай жағдай тіркелген.
16 Сәуір, 2023
Мадияр Құрамысов жаттықтыратын Қазақстанның еркін күрес шеберлері өткен Азия чемпионатында жеті жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте жеке-дара көш бастады. Нақтылап айтсақ, біздің балуандар 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль олжалады. Барлығы – 7 жүлде! Өткенге зер салсақ, бұған дейін сары құрлықтың басты додасында Қазақ елінің әнұраны бірде-бір рет төрт мәрте шырқалмаған екен. Сол себепті де «Осы жолы біз тарихи жеңіске қол жеткіздік» деп нық сеніммен айта аламыз.
16 Сәуір, 2023