Оқи отырыңыз
Ертіс-Баян өңірінде тау-кен металлургия мен мұнай-газ салаларына арналған күрделі жабдықтар шығаратын «ERG Service» ЖШС өнімдері бүгінде елімізге танымал. Отандық өндіріс орындары мен ресейлік компаниялар одан 20-дан астам өнім түрін сатып алып отыр.
21 Қаңтар, 2025
Басты мақсат – жұмысшы мәртебесін көтеру
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Республикалық және өңірлік деңгейдегі іс-шаралар жоспары қаралды.
21 Қаңтар, 2025
Астық терминалы қайта іске қосылды
Жыл басында Бейнеу астық терминалы екінші рет ашылды. Алғаш іске қосылған 2010 жылдары атағы да, астығы да алысқа кетіп, кебегімен төңіректегі мал тойынған терминал 16 гектар жерге орналасып, аумағында астық өңдеу цехы және жем өндіру бойынша автоматтандырылған цехтар мен элеватор жұмыс істеген еді.
21 Қаңтар, 2025
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік
Қызылордада әр жыл басында ұрпақ тәрбиесіне қатысты жиын өткізіп, ел ақсақалдарының, құқық қорғау саласы мамандарының, мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың қатысуымен осы төңіректегі мәселелерді талқыға салу дәстүрге айналып келеді. Қаладағы Өнер орталығында өткен биылғы форум «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» деп аталып, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Бас прокуратура өкілі Жасұлан Даулембаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, жауапты сала басшылары қатысты.
21 Қаңтар, 2025
«Яндекс Go» мүгедек жандарға қолжетімді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету жөніндегі қанатқақты жобаны қолға алғалы біраз уақыт болды. Өткен жылы Астана, Алматы қалаларында қызметтің осы түрі 207,2 мың мәрте көрсетілді.
21 Қаңтар, 2025
Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың қазан айынан бері 71 783 адам жіті респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.
21 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: 6G-дің ауылы алыс емес
Қытайдың «Chang Guang Satellite Technology» компаниясы спутниктен лазер арқылы деректерді жоғары жылдамдықпен жеткізу сынағын сәтті аяқтады.
21 Қаңтар, 2025
Шалқар қаласындағы Оқушылар сарайы қолөнер үйірмесінің жетекшісі Асылан Төретаев аудан орталығындағы Жұбановтар көшесі бойынан биіктігі – 3, диаметрі 2,5 метр жылан мүсінін тұрғызды.
21 Қаңтар, 2025
Арал теңізінің түбіне ағаш отырғызылады
2025 жылы Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында экожүйені қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Мектептерде және колледждерде «111» QR-кодтары іске қосылды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше арнайы QR-кодтар «111» байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Боранды күні жолда қалған жүргізуші не істеу керек
2024-2025 жылдың қыс мезгілінде бүгінге дейін 1 300 рет дауылды ескерту жарияланған. Ал республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 390 рет жабылған, деп жазады Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалады
Бас прокуратура 2024 жылдың соңына қарай қылмыс деңгейі өскен аймақтарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
Қазақстанда мопедті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет
Биылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2025
«Мархабат» журналы қанат қақты
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.
18 Қаңтар, 2025
Шенеунікке қандай жаза берілуі мүмкін?
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен бұған дейін облыс әкімі аппаратында ішкі аудит қызметінің жетекшісі лауазымында болған Ербол Найзабековтің қызметтен кеткенін хабарлады.
18 Қаңтар, 2025
Қырық көлік қар құрсауында қалды
Қаңтар қарлатып, борандатып тұр. Күре жолдар бірде ашылып, бірде жабылады. Тау бөктеріндегі жолдарға көшкін түсіп, қауіп төндіріп тұрғаны және бар. Жуықта қар құрсауында қырыққа жуық көлік қалып, құтқарушылар қол созған.
18 Қаңтар, 2025
Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті жүргізген талдаудың нәтижесінде еліміздегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1000-нан аса ұйымның тек 72,3 пайызы қойылған талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Сондықтан биылдан бастап осы саладағы ұйымдар үшін міндетті лицензиялау жүйесін енгізудің өзектілігі туындап отыр.
18 Қаңтар, 2025
Бал арасы – бақуаттылықтың бастауы
Ел еңсесін көтеретін құдірет еңбек дейтін болсақ, тырбанып тіршілік еткен кез келген қарекет тым жақсы. Ал бал арасын баптау – өзгеше өнеге. Жеке кәсіпкер Сергей Шмидтпен облыс орталығындағы базарда жолықтық. Бал іздегенбіз. Сатушы болғанымен, сапасы әрқилы болуы әбден мүмкін. Таңдаудың өзі бір машақат. Тұтынушыларға бал ұсынып тұрғандардың бәрі дерлік – өзге ұлт өкілдері. Араның тілін ұғатындар осылар ғана тәрізді. Әлден уақытта «Аға, менің балымды алсаңызшы», деген дауыс естілді. Назар салсам, сарғыш өңді өзге ұлттың азаматы. Тілі тіпті жатық. Кейбір ағайыннан артық. Сөйтсем, Сергей Мартынович Зеренді ауданына қарасты Ескенежал ауылының тұрғыны екен.
18 Қаңтар, 2025
Пошта қызметін жетілдіру мәселесін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен отырыс өткізді.
18 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Қуыршақтар ауылы
Жапониядағы Нагорода ауылының тұрғыны Цукими Аяно кішкентай кезінде ата-анасымен бірге қалаға көшіп кеткен. Бірнеше жылдан соң туған жеріне оралса, жерлестерінің саны 300 адамнан 40 адамға күрт азайған.
18 Қаңтар, 2025