Пікірлер .
Қазір бұрынғыдай емес, алыс-жақындағы ауыл-аудандардың жай-күйін әлеуметтік желіден көріп-біліп отыратын болдық. Әсіресе табиғат тосын мінез танытқан тұста шалғайдағы өзекті мәселелер еміс-еміс естіліп қалып жатады.
24 Қаңтар, 2018
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген аксиомаға айналған қағида бар. Бүгінде еліміздің экономикасы еңсе тіктеп, халықтың әл-ауқаты жақсарса, басқа елдер Қазақстанды терезесі тең әріптес санауға көшсе, оған жеріміздің астындағы мол қазба байлықтың, сол байлықты кәдеге жарата алғанымыздың зор ықпалы тигені анық.
11 Желтоқсан, 2017
«Қазақтың маңдайы мен таңдайы» атанған Әбіш Кекілбайға жүгінбей тұра алмаймыз. «Бағалай білмегенге – бақ тұрмайды, қуана білмегенге – құт қонбайды» дейді абыз қаламгер. Барды бағалай білу, есімі алтын әріппен жазылуға лайық тұлғаларды екшеп, ел санасына сіңіру де басқа қонған бақты баптап ұстаудың бір амалы болса керек.
04 Тамыз, 2017
Ұрланған құндылық және ұялы телефон
Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қолды болатын бұйым – қалта телефон. Ішкі істер министрлігі хабарлаған ақпар осындай. Лақтырған таяғың құқық қорғаушыларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялының» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы.
24 Шілде, 2017
«Мультикке» миллион көптік етпейді
«Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды» деген қағида бар. Бұл кішкентайларға берген жақсы тәрбие де, жағымсыз әдет те бала есейген сайын бірге ұлғая беретінін аңғартса керек. Ал телеөнім мен интернетті тел еміп өскен бүгінгі «бұзықтардың» тәрбиесінде анимациялық фильмдердің орны ерекше екендігі белгілі.
14 Шілде, 2017