Пікірлер .
Ақын жігіт аңыратып өлең оқып отыр: «...Жүрген шығар бақыт мені таба алмай, Мекенжайым болмаған соң тұрақты». Қазақ поэзиясында өлмейтін екі тақырып болса, оның біреуі махаббат, екіншісі баспана жыры шығар деп әзілдедік оған. Кейін кең сарайдай үйге кірді ол ақын, бірақ өлеңдеріне қарасақ, бақытты әлі іздеп жүрген сияқты.
14 Қаңтар, 2021
Қазақ құрық ұстаудан қаша ма?!
Алыстағы Американың ковбойларын бүкіл әлем біледі. Ковбой десе, елдің көзіне ат құлағында ойнайтын, басынан стетсон қалпағын тастамайтын, көз ілеспес қимылмен револьверін суырып алып жауын жайратып салатын сұрмергеннің романтикалық образы елестейді.
12 Қараша, 2020
Адам капиталынан ақша аяуға болмайды
Ең алғаш өткен ғасырдың орта шенінде америкалық экономистер «Адам капиталы» деген ұғымға теориялық тұрғыдан анықтама беріп, мән-маңызын, дамытудың жолдарын көрсеткен екен. Содан бергі аралықта адам капиталы кез келген мемлекеттің, қоғамның, экономиканың негізгі мызғымас тұғыры екені дәлелденді.
11 Қыркүйек, 2020
Кітап дүкеніндегі балаларға арналған кітаптардың арасынан кездейсоқ «Күлшеқыз» ертегісін көріп қалдым. Бұл ертегіні білмейтін адам жоқ шығар. Біз де бала кезімізде осы ертегі желісімен түсірілген орысша мультфильмдер мен киносын көргенбіз, қазақша кітабы кейін шықса керек.
17 Тамыз, 2020
«Қолымда бір қамшы бар сәліңгірдей, Атандым елге тентек кәдімгідей. Бір тентек ел ішінде жүрмей ме екен, Соңыма неге түстің бәрің бірдей?» Кеңес билігімен бітісе алмай, банды атанған Аманғалидің әні осылай басталады. Қазақтың қара өлеңінде алғашқы жолдар кейінгі жолдарға ұйқас болуы үшін әшейін ұйқас үшін айта салғандай көрінуі мүмкін. Алайда мазмұны жағынан жанама қатысы болып, кейінгі жолдардағы айтылған ойды сүйемелдеп тұрады.
15 Шілде, 2020
Орталық Азия елдеріндегі аграрлық саланың даму деңгейіне көз жүгіртіп көрейік. Былтыр Өзбекстанда ауылшаруашылық саласының ІЖӨ-дегі үлесі 28,7 пайызға жетіпті. Шикізат ресурсына кенде емес Түрікменстан да атакәсіпті дамытып жатқаны байқалады – 20 пайыз. Үшінші орында 19,2 пайызбен Тәжікстан тұр. Қырғызстанда ауыл шаруашылығының ІЖӨ-дегі үлесі 11,6 пайыз болса, Қазақстанда бар болғаны 4,4 пайыз.
11 Маусым, 2020
«Өзге жұрт аспан-көкке асып жатыр...»
«Малдан малдың несі артық, бір-ақ асым еті артық. Ерден ердің несі артық, бір-ақ ауыз сөзі артық» дейді бабаларымыз. Бұл сөзіне ісі сай келетін, аузынан шыққанды міндетті түрде орындайтын адамды меңзегені. Яғни, ердің артықшылығын айқындайтын басты қасиет – тындырғын ісі болса керек.
02 Маусым, 2020
Саксафон көмейінде сыңсыған ән
Елордадағы Бөгенбай даңғылының бойында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан даңғарадай екі сауда үйінің қақ ортасымен жер асты жолы өтеді. Қазақтың ең әсем, ең сазды әндерін осы жер асты жолынан өткен сайын естіп жүретінмін.
13 Мамыр, 2020
Коучингтің көкесі – бабалар мұрасы
Күн сайын құбылған алмағайып кезеңде замана ағымына неғұрлым тез бейімделіп, басқалардан бұрынырақ әрі жүйелі әрекет еткендердің аты озып, атағы шығып, материалдық жағдайы жақсаратыны түсінікті. Кейінгі жылдары коуч, коучинг, коучер деген ұғымдар тірлігімізге біршама дендеп енгені осыған байланысты болса керек.
27 Сәуір, 2020
Біздің қазақ әлмисақтан байлықты малмен өлшегені мәлім. Оны бата-тілек, мақал-мәтел, жыр-дастандарға қарап-ақ аңғаруға болады.
31 Қаңтар, 2020
Бала кезімізде біздің шап-шағын ауылдың әр жерінде «күнкөсем» тұратын. Контордың, қазіргіше әкімдік кеңсесінің – ауылдың ең көрікті жерінің алдында Ильичтің басына телпек киіп, оң қолымен жарқын болашақты нұсқап тұрған бейнесі болды.
23 Қаңтар, 2020
Ет импортына тәуелді ел Еуразияны асырай ала ма?
Біздің халық жылқының еті мен қымызы бойға – қуат, ойға – шуақ беретінін айтып шалқып сөйлеуге құмар. Дастарқан басында еттің пайдасы туралы екі сағат дәріс оқитындар да бар. Жалпы, қазақтың етқұмарлығы туралы әзіл-шыны аралас әңгіме, мақал-мәтел көп қой. Алайда қазір елдің бәрінің бірдей қазы кертіп жеп, саба-саба қымызды сапырып ішуге шамасы жете бермейтіні тағы рас.
08 Қазан, 2019
Мұнай-химия саласы жолға қойыла ма?
Қазақстан көмірсутегі қорының молдығы бойынша әлемдегі 20 елдің санатына кіреді. Тәуелсіздік жылдарында елімізде барлығы 1,5 млрд тонна мұнай мен газ конденсаты өндіріліп, өндіру мен экспорттау көрсеткіші бойынша дүние жүзіндегі көшбасшылардың қатарына қосылдық.
24 Қыркүйек, 2019
Оқу жылын оқушылармен қатар ата-аналар да, ұстаздар қауымы да қуана күтеді деп, жарқын жолдармен бастауымызға болар еді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары оқу жылының қуанышынан гөрі, уайымы басым болып бара жатқандай. Керісінше, ұстаздар мен ата-аналар соңғы қоңырауды асыға күтетінін несіне жасырайық.
05 Қыркүйек, 2019
«Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген ескілерден қалған сөз бар. Сол ескілерден қалған сөз ескірейін деді ме... Әйтеуір қазір малдың еті мен сүт-майы қымбаттаса да, терісі ешкімге керексіз болып, әр жерде шіріп жатады.
28 Тамыз, 2019
Жалпы, біздің халықтың ұқсағысы келетін елдері, халықтары көп. Еуропадағы дамыған мемлекеттерге де, алыстағы АҚШ-қа да ұқсағымыз келеді. Кейде корейлықтарға қызығамыз, біресе тағы біреуіне тәнті боламыз дегендей. Сыртымыз қазақ болғанымызды мақтан тұтқанымен, іштей бәрібір басқа озық елдерге қызыға да, қызғана қарайтынымызды несіне жасырайық.
05 Тамыз, 2019
Abai175 челенджі: оқудың бәрі тоқу ма?
Өмірдің, көңілдің, күнделікті күйбең тірліктің кез келген көрінісінде тіл ұшына Абай оралады. Қуансаң да, көңілің түссе де, бір мәселенің шешімін іздесең де Абайдың өлеңі, қара сөздері, Абай айтыпты делінген әңгімелер көкейіңді түрткілей береді. «Абайдан сөз қалған ба?..» деп үлкендердің неге тамсанып отыратынын түсінгендей боласың.
24 Шілде, 2019
Расёмон қақпасы немесе адамдық шекарасы туралы
Акира Куросаваның жетпіс жыл бұрын жарыққа шыққан «Расёмон» атты фильмі жапон кинематографиясын әлемдік деңгейге көтерген туынды саналады. Тағы бір жапондық қаламгер Рюноскэ Акутагава шығармасының желісімен түсірілген фильмді тебіренбей көру сірә да мүмкін емес шығар.
16 Шілде, 2019
Біреулер Гогольге, енді біреулер Салтыков-Щедринге теліп жүрген: «Ресейдің екі қайғысы бар: Ақымақтар мен жолдар» деген ел аузында жүрген сөзі есіме түсіп отыр. Шындығында, көктем мен күзде ми батпағы езіліп, жазда шұрқ-тесік болып жататын жолдар біздің халықтың да бас ауруларының бірі деуге болады.
21 Маусым, 2019
Қазақтың болмысын, жақсылығы мен кемшілігін жақсы білген, соған жаны күйзелген адамдардың бірі Герағаң, марқұм Герольд Бельгер сияқты. Сол «Бір білсе Бельгер біледі» деген қанатты сөздің кейіпкері «Қазақ дәптері» деген кітабында былай дейді: «Қазақтың сөз түрлері көп. Ол жағынан ешбір ел, ешбір ұлт таласа алмайды».
12 Маусым, 2019