Жеңіл атлетика • 13 Қаңтар, 2026
Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан еліміздің XXXV қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті. Республиканың 18 өңірінен жиналған спортшылар үш күн бойы сайысқа түсіп, 31 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Өнер • 13 Қаңтар, 2026
Ақтөбедегі «Өнер орталығында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, сазгер, дирижер Нүркен Әшіровтің шығармашылық кеші өтті.
«Таза Қазақстан» • 13 Қаңтар, 2026
Тәртіп бар жерде тазалық болады
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Спорт • 13 Қаңтар, 2026
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды. 50 жастағы маман бұған дейін республикамыздың бас командасының бапкерлер штабында болды. Сондай-ақ жанкүйерлер Насановты 48, 50 кг салмақ дәрежелерінде жұдырықтасып, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған Санжар Тәшкенбайдың жеке жаттықтырушысы ретінде біледі. Ал жастар құрамасына жетекшілік еткен Мақсат Бақтыбазаровтың орнына атақты боксшы, Бейжің Олимпиадасы мен Азия ойындарының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев келді.
Руханият • 13 Қаңтар, 2026
Жыраудың елі туралы Дехоти не жазды?
1946 жылы Тәжікстанның «Нашриети Давлатии Точикистон» баспасы XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл жыраудың жыр жинағын жарыққа шығарған. Сол жинаққа тәжіктің белгілі қаламгері Абдусалом Дехотидің «Дар диери Чамбул» («Жамбыл елінде») атты жолсапар очеркі де еніпті. Бүгінгі әңгімеміз қазақ жеріне қонаққа келген тәжік қаламгерінің осы жазбасы хақында болмақ.