Бизнес • 25 Ақпан, 2026
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Қосылған құны жоғары зергерлік бұйым өндірісі – экономиканы әртараптандырудың тиімді тетіктерінің бірі. Әлемдік тәжірибе шикізат қоры шектеулі елдердің өзі әшекей индустриясын табыс көзіне айналдыра алғанын көрсетеді. Ал бағалы металға бай еліміз үшін бұл бағыттың мүмкіндігі тіпті ауқымды. Қазір елде зергерлік бұйым саудасымен айналысатын 4 542 кәсіпкер бар, оның 445-і – өндіруші. Былтыр өндіріс көлемі 2,8 млрд теңгеге жетті. Дегенмен сала әлеуетіне сай серпін алды деуге әлі ерте – шешімін күткен түйткіл де, жүйелеуді қажет ететін мәселе де баршылық.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Кейінгі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп, жеке шот арқылы жүретін күмәнді ақша айналымы артты. Осыған байланысты қаржы реттеушілері бақылауды күшейтіп, жаңа талаптар енгізді.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді қайтарудан түскен қаржыға түрлі нысан салынып жатыр. Сондай екі нысанның құрылысы Қызылқоға ауданында қолға алынды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Жақында Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында әрқайсысы 72 пәтерден тұратын, талапқа сай салынған 2 тұрғын үй иелерін тапты.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Балтабай ауылындағы баянды істер
Еңбекшіқазақ ауданында Есік қаласы мен 25 ауылдық округ бар. Солардың бірі 10 мыңға таяу халық түтін түтетіп отырған Балтабай ауылдық округінде 19 түрлі этнос өкілі ынтымақтаса тіршілік етіп отыр. Округ аумағына 7 елді мекен, 3 саяжай кіреді.