Әдебиет • 14 Маусым, 2023
Көркем әдебиетті оқыған адам үлкен адамгершілік мектептен өтеді. Көркем шығарма жүрекке сәуле түсіріп, ар-ұжданыңды оятатын қасиетке ие әрі жақсылыққа үндейтін ізгі досың секілді.
Тұлға • 14 Маусым, 2023
Осыдан жарты ғасыр бұрын ару қала Алматы жаз шыға ерекше құлпырып кететін. Оқтай түзу көшелердегі жап-жасыл ағаштар, көздің жауын алатын алқызыл гүлдер алыстан менмұндалайтын. Арықтардағы сылдырлап ағып жатқан мөлдір су қандай еді. Ол кезде қазіргідей көшелерде кептеліс жоқ, трамвай, автобустар толассыз жолаушыларды қалаған жеріне жеткізетін. Алматының сұлу көрінісіне тамсана қарап келе жатқанымда Киров көшесінің бойындағы түшпараханаға келіп қалыппын. Енді бір сағаттан кейін емтихан. Арманымыз – журналист болу. Ол кезде еліміздегі бірден-бір журналистер әзірлейтін оқу орны – С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсу қиынның қияметі болғаны да белгілі.
Руханият • 14 Маусым, 2023
Ағылшындарда «Рим шаһары бір күнде салынған жоқ» деген жақсы сөз бар. Қателеспесек, бұл сөздің арғы-бергі адамзат қоғамында өмір сүріп келе жатқанына талай ғасыр болды. Әр сөздің киесі болатыны сияқты, оның әу бастағы иесі де болары сөзсіз. Аталған алдарқатпа сөзді сол кездегі әлдебір билік басындағы біреу немесе ертеңінен үміт үзбеген бір арманшыл адам айтқан шығар, бәрі де мүмкін. Осы сөзге қазақтың «бұдан жаман күнде де тойға барғанбыз» деген тәубелі пікірі сай келеді. Неге десеңіз, екеуінің де табан тірер тиянағы – көңіл төркіні. Екеуі де адам баласын алдаусыратып, алға сүйрейді, жетелейді.
Ғылым • 14 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен өткен жиында адамзат жетістіктердің барлығына білімнің арқасында қол жеткізгенін және қазір, әсіресе озық технология дәуірінде ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес екенін айтқан еді. Бұл ретте мемлекетіміздің саясатында ғылым мен технология, инновациялық даму ел экономикасын өркендетудегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып отыр.
Экономика • 14 Маусым, 2023
Астана экономикасы: Тақ келген жерге бақ келді ме?
Елорданың экономикалық әлеуетіне тоқталғанда «Тақ келген жерге – бақ келеді» деген тегеурінді тәмсіл тіл ұшына оралды. Ширек ғасыр ішінде бас қаланың аумағы анағұрлым ұлғайып, абыройы алты құрлыққа жеткені – бағы жанғаны деген ойдамыз. Әу баста Астана мәртебесін иеленген кезеңнен бастап бұл қалаға еліміздің әкімшілік басқару нүктесі, мәдени-рухани орталығы ғана емес, экономикалық локомотиві болу сынды маңызды миссия жүктелген болатын. Олай болса, 25 жыл ішінде қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қалай өзгерді?