Ғылым • 23 Желтоқсан, 2025
Ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев Орталық Қазақстанның металлогендік картасын жасағанда Жезқазған өңірінде мол мыс қорынан басқа да байлық көзі жатқанына назар аударып кеткен екен. Ол – кен құрамында кездесетін сирек түсті металдар. Егер осы металдарды химиялық-өндірістік жолмен алып, оның бүгіні мен болашақтағы пайдасын, қолданылу мүмкіндіктерін бажайлап, әлемдік рынок таразысына құндап сала алсақ, ел экономикасына қыруар табыс келеді екен.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
«Самұрық-Қазына» Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады
«Самұрық-Қазына» қоры Жұмысшы мамандықтар жылы аясында салалық форум өткізіп, қорға қарасты компаниялар тобындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Астанада өткен ауқымды шараға мыңнан астам адам қатысты. Форум бағдарламасы аясында панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары, жобалардың таныстырылымы, өндіріс саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Энергетика • 23 Желтоқсан, 2025
Жаңғырмалы энергия үлесі көңіл көншітеді
Кейінгі ширек ғасырдың бедерінде әлем елдері жаңғырмалы энергия көздерін дамытуға басымдық беріп отырғаны белгілі. Ғалымдар жыл өткен сайын «жасыл энергияға» деген тәуелділік арта түсетінін нақты деректермен де дәйектеп берді. Олар келтірген дерекке сенсек, енді жиырма жылдан соң әлемдегі «жасыл энергияның» үлес салмағы 35 пайызға жетуге тиіс.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік тілге басымдық берген компания
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – баршаға ортақ міндет. Бұл үрдістен энергетика саласы да шет қалмайды. Ел энергетикасының өзегін құрайтын «KEGOC» акционерлік қоғамы мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейтуге бағытталған жүйелі әрі кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осы мақсатта компанияда бірқатар маңызды құжаттар қабылданып, қазақ тілін ілгерілетуге арналған нақты іс-шаралар үздіксіз жүзеге асып отыр.
Digital • 23 Желтоқсан, 2025
«Astana Hub» алаңында «Astana Innovations Accelerator» бағдарламасының «Demo Day» іс-шарасы өтті. Бұл жиында 13 стартап өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Мұндағы мақсат – қаланың түрлі саласына тиімді технологиялық шешімдерді енгізу. Пилоттық тестілеу мектеп, аурухана, әлеуметтік мекеме және қалалық сервистер базасында жүзеге асырылады.