Егемен Қазақстан • 25 Қаңтар, 2024
Қазақстан энергия тапшылығынан қалай құтылады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының атом энергиясын игеріп, ел игілігіне айналдыру көкейкестілігі мен АЭС-қа қатысты ұстанымды халықтың өзі шешетіні туралы пікірі қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр. Маңызды мәселені қоғамның ақыл-парасаты анықтайды. Кейде білдей аты бар азаматтардың дәлелденбеген ақпаратқа арқа сүйеп, теріс пікір білдіріп жүргені ойлантады. Осы ретте «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған Президент сұхбатын негізге ала отырып, басылым алаңында «Қазақстан энергия тапшылығынан қалай құтылады?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырдық. «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен басқосуға «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ғылыми орталығының басшысы, физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқанов, ҚАЭС ЖШС атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябеков, Қазақстан электр энергетиктері қауымдастығының төрағасы Арман Телев, Қазақстанның азаматтық альянсының төрайымы Бану Нұрғазиева, қауымдастырылған профессор, ядролық физика бойынша PhD Нұрлан Амангелді, «Байтақ» жасылдар партиясы орталық аппаратының басшысы Бекберген Керей қатысып, АЭС жөніндегі өзекті сауалдарға жауап берді.
Ауыл • 25 Қаңтар, 2024
Шекарадағы ауылдың жабылғаны кімге тиімді?
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аумақтарды дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды. Президент ауылдарды көркейтейік, дамытайық деп бастама көтеріп отырғанда, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар атқамінерлері стратегиялық маңызды елді мекендерді «жабылатын ауыл» қатарына енгізіп жатыр.
Экономика • 25 Қаңтар, 2024
Kaspi.kz финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржасында акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) шығарды. Лондон қор биржасының сайтындағы ақпарат бойынша, Kaspi.kz әрқайсысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11 300 000 америкалық депозитарлық акцияны (ADS) орналастырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 доллардан.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Сапалы ұлт: білім, ғылым және мәдениет» атты елімізге белгілі филолог ғалымдардың студенттермен кездесуі өтті. Іс-шараға Ұлттық ғылым академиясының академиктері Уәлихан Қалижан, Кәрімбек Құрманәлиев, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріп қатысты.
Жұмыс • 25 Қаңтар, 2024
Әр елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын еңбек миграциясына қарап бағалауға болады. Бізге еңбек мигранттары Өзбекстан, Қырғызстан секілді көрші, одақтас мемлекеттерден келіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, тағысын тағы бірнеше салада еңбек етсе, ал еліміздің жастары Оңтүстік Кореяға, Еуропаға жол тартады.