Тағзым • 23 Желтоқсан, 2025
Асанәлі Әшімов ұлт театры мен кино өнерінің шоқтығы биік тұлғасы еді. Біз осыдан алпыс жыл бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінде қатар оқуға түсіп, ұзақ жылдар бойы әріптес болдық.
Тағзым • 21 Желтоқсан, 2025
Өлді деуге сыя ма? Қазақ сахнасының абызы, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актері, профессор – Асанәлі Әшімұлы өмірден өтті. Өнердің алып бәйтерегі құлады. Ол сахна мен экранда тек рөл ойнаған жоқ, ұлттың мінезін, дәуірдің рухын, адам жанының тереңін сөйлетті. Қазақ театры мен киносының алтын қорына енген сан алуан рөлі арқылы ұлттық актерлік өнердің өлшемін қалыптастырды.
Өнер • 20 Желтоқсан, 2025
Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрында премьерасы өткен «Асауға тұсау» комедиясы Гүлназ Қамысбаева ізденісінің тағы бір қырын байқатқан қойылым болды. Бұл бұған дейін «Мәңгілік бала бейне», «Мәңгүрт», «Қорғансыздың күні», «Махаббат қызық мол жылдар», «Алладин», «Қарша қыз және жеті гном» сияқты ересектер мен балаларға арналған спектакльдер сахналаған режиссердің У.Шекспир шығармашылығына алғаш бет бұруы екен.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Ыстанбұлдағы қазақ әдебиеті бұрышы
Тәуелсіздік күніне орай Түркияның мәдени астанасындағы Рами кітапханасында Қазақстан ғылымы мен әдебиеті бұрышы ашылды.
Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2025
Өнерге жаңалық енгізген дара тұлға
Шәмшінің бұлқынған жүрегі тұнған музыка. Оның қайталанбас әндері халық әуендерімен үндесіп, жұртшылықты баурап алатын қабілетке ие. Ел Президенті айтқандай: «Шәмші – ұлт руханиятында ерекше орны бар аса көрнекті тұлға. Оның әндері ешқашан да құндылығын жоймайды».