Білім • 20 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы қорытындыланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасының игілігін оқушылар көріп жатыр. Президент биылғы Ұлттық құрылтайда Ақмола облысының мектеп салу қарқынын ерекше атап өтіп, өзге өңірлерге де оқу ордасын уақтылы қолданысқа беруді тапсырған еді. Жыл соңына дейін барлық құрылыс аяқталады деген жоспар орындалды.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2025
Футбол индустриясын дамыту – уақыт талабы
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Бурабайдағы отырысында, сондай-ақ халыққа Жолдауында еліміздегі футбол клубтарын жекенің иелігіне беруді мәселе етіп көтеріп, бұқаралық спорт саласын жан-жақты дамытуды тапсырды. Ел біріншілігінде тартысқа түсетін футбол клубтарының көпшілігі бұған дейін мемлекет қазынасына арқа сүйеп келді. Дамыған елдерде футбол клубтары – мемлекеттің ырысын молайтып, кірісін арттыратын сала.
Экология • 20 Желтоқсан, 2025
Экология саласындағы елеулі көрсеткіштер
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жыл қорытындысын жариялап, бірқатар оң нәтижені атап өтті. Ведомство мәліметінше, 2022 жылмен салыстырғанда еліміздегі ірі кәсіпорындар бойынша нормативтік шығарындылар көлемі 7,2%-ға, яғни 148 мың тоннаға азайған.
Білім • 20 Желтоқсан, 2025
Бірегей оқу ордасының серпінді дамуы
Биыл Nazarbayev University үшін білім ордасының 15 жылдық тарихындағы аса маңызды кезең болды. Оқу ордасы әлемдік деңгейде институционалдық аккредиттеуден өтіп, ғылыми өнімділігін арттыра түсті. Сондай-ақ жаңа білім бағдарламаларын іске қосып, бірегей зерттеу орталықтарын ашты. Бұл жетістіктер NU-дың Орталық Азиядағы басты академиялық және инновациялық торап ретіндегі орнын одан әрі нығайтты.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2025
579 млрд теңге инвестиция тартылды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылу барысы мен биылғы көрсеткіштер жөнінде баяндады.