Экспорт • 23 Қаңтар, 2024
Өткен аптада Ресей тарапы елімізге құс жұмыртқасын жеткізуді ұлғайту туралы өтініш түсіргені мәлім. Көрші елге жасалатын экспортты өсіруге Үкімет деңгейінде мән беріліп отыр. Дей тұрғанмен отандық тұтынушылар өнімнің барлығы шекара асып, өзіміздің нарықта тапшылық туындап қалмай ма деп алаңдайды.
Өндіріс • 23 Қаңтар, 2024
Таулы өңірдің қысы алты айға созылады. Жаз жай шығып, күз түсісімен от жағу машақаты басталады. Мұндайда отын-су әзірлеудің әуресі аз емес. Әсіресе сырттан жеткізілетін көмір бағасының қымбатшылығы қалта жұқартады. Сондықтан ала жаздайғы тапқан-таянғанын жемшөп, отын-су даярлауға жұмсайтын жұртқа «Ойқарағай» көмірінен қолжетімдісі жоқ. Ошақтың отын өшірмей, қоздап жата беретін бұл көмірді тұтынатын өңір тұрғындары отын жарып, тезек теріп көп әуре-сарсаңға түспейді.
Сараптама • 23 Қаңтар, 2024
Тұрғын үй нарығындағы тұрақсыздық
Тұрғын үй нарығына әсер ететін факторлар біршама. Көңілге қонымдысы – долларға байланған импортқа және инфляцияға тәуелділік. Өз өнімдерін айналымға шығарған құрылыс компаниялары алдымен осы жайтты ескереді. Ұтылып қалмауды, құрылысқа әрбір жұмсаған тиыннан пайда табуды ойлайды. Осылайша Алматы мен Астана қаласындағы көлемі 40 шаршы метр, нарықтық құны 20 млн теңге тұратын пәтердің 15 жыл ішіндегі құны кемі 60 млн теңгеге жуықтайды. Құрылыс компаниялары бірінші кезекте басымдық беретін формула – осы.
Медицина • 23 Қаңтар, 2024
МӘМС: Емделуші құқы қай деңгейде қорғалады?
Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты түрлі сын-пікір айтылып жүр. Өңір-өңірде сақтандыру қорына ай сайын жарнасын үзбей аударған емделушілердің сапалы медициналық көмекке жете алмай, сергелдеңге түскенін жиірек еститін болдық. Саладағы өзекті сауалдардың бірқатарын депутаттар, қоғам белсенділері, тұрғындар қаузады. Содан ұққанымыз, шағымдардың төркіні медициналық көмектің сапасына келіп тіреледі.
Сұхбат • 23 Қаңтар, 2024
Биологиялық қауіпсіздікке бәріміз жауаптымыз
Ғылым саласы қаншама дертке дауа тапты. Сонда да аурудың жаңа түрлері пайда болып, адамзатты сарсаңға салып отыр. Әлемді әлекке түсірген вирустар біздің елді де айналып өткен жоқ. Адам мен жан-жануар инфекциясы да экономиканың дегбірін қашырды. Осы мәселемен табан тіресіп, ұзын арқан, кең тұсаудан аулақ болуға тырысқан вирусолог-вакцинолог, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Қайсар ТАБЫНОВ «Халықтың иммундық ахуалын білу, қадағалау өте маңызды. Содан кейін ғана ауқымды иммундық науқанды бастауға болады», деген еді. Ол әлемде алғаш рет ірі қара малда кездесетін бруцеллез жұқпалы ауруына қарсы екпе әзірлеген.