Ұстаз • 17 Қаңтар, 2024
Өмірде жүрегі қалаған мамандығын жаңылыспай тауып, кәсіби шеберлік шыңына шыға білгендіктен, жасы егде тартса да жастардан қалыспай, жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген майталмандар аз емес. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Дәуқара орта мектебінің жоғарғы санатты қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Қасым Нұрғалиев.
Денсаулық • 17 Қаңтар, 2024
Медицина саласында толайым табысқа жеткен шетелдік мамандар Астана медицина университетінде шеберлік сабағын өткізді. Он күнге созылған семинарға 700-ден аса медицина маманы қатысып, білім көкжиегін кеңейтті.
Өнер • 17 Қаңтар, 2024
Көзі тірісінде Ертіс-Баян өңіріне ғана емес, тұтас елімізге танымал болған қылқалам шебері Ғабдылғалым Қаржасовтың есімі облыстың мәдениет саласында көмескіленіп барады. Облыс орталығындағы көркемсурет мектебі мен бір көшеге есімін беру туралы ұсыныстар да тоқтап қалғандай. Ел есінде қалған суретшінің айшықты туындыларын ұрпақ ұмытпаса дейміз.
Театр • 17 Қаңтар, 2024
«Жошы хан»: сахнада тарих сөйлейді
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық драма театрында тұсауы кесілген «Жошы хан» драмасының дақпырты премьерадан бері жарты жылдан аса уақыт өтсе де, әлі басылмай тұр. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газетімізге берген сұхбатында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл болғанына айрықша мән беріп, тоқталуы да тарихи қойылымның маңызын одан әрі арттыра түскендей. Спектакльдің жазда өткен премьерасын арнайы барып тамашалаған Президент: «Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Кейбіреулер қазақтардың өз тарихы, мемлекеті, елі болмаған деген сөздер айтып жүр. Ол – біздің тарихымызды бұрмалау», деп қойылым құндылығына тоқталып, шығармашылық ұжым әлеуетін жоғары бағалаған болатын.
Тарих • 17 Қаңтар, 2024
Назарбаев университетінде неміс тарихшысы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға алыстан ат терлетіп автордың өзі келіп, қатысты. Бұл ғылыми монографияда өткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында болған аштықтың себеп-салдары нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған.