Халық • 28 Қараша, 2023
Соқтықпалы, соқталы өмір сапарында алда кездескен бөгеттерді еңсере жүріп, әрдайым өсу, өрлеу бағытында болған, еңбек менің еншім деп, қалаулы мамандығын жоғары деңгейде, абыроймен атқара білген өз ісінің шебері Жолтай Ысқақовтың азаматтық ақ жолы – кімге болсын үлгі-өнеге.
Еңбек • 28 Қараша, 2023
Наубайханашылар әулеті – Мирзоевтар отыз жылға жуық шағын қаланың тұрғындарын дәмі тіл үйіретін нанмен, кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етіп келеді.
Тарих • 28 Қараша, 2023
Бұл 1940 жылы бүкіл ел болып кеңестік Қазақстанның 20 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатқан шақ еді. Мәскеулік және қазақ кинодокументалистері «Қазақстан» атты фильмді түсіруге кіріскен. Біз сол кезде 93 жастағы Жамбылмен кездеспек болдық. Бұл жөнінде алдын ала келісілмеген болса да, біз – кино түсірушілер тобы және оған қатысатын ақындар, ойынға деген қоян, түлкі, тіпті қасқырлары, бүркіттері бар аңшылар, бәріміз түн ішінде Алматыдан тартып кеттік. Жамбылдың тұратын ауылы 80 километр қашықтықта екен.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қаламгердің құрметіне спорт журналистерінің аудиториясы ашылды.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Ұлт әдебиетінің үздік шығармалары
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Абай баспасынан» жарық көрген 35 кітаптың тұсауы кесілді. Оқырманға жаңа леппен жол тартқан бірегей серияда әдебиетіміздің шамшырағына айналған айтулы ақын-жазушылардың іргелі шығармаларынан бастап, белгілі жас авторлардың еңбектері де қамтылған. Бұл туындылардың ішіне оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де еніп отыр.