Үкімет • 23 Қараша, 2023
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері қаралды. Сондай-ақ бірнеше ратификациялық заң жобасы қабылданды.
Ауыл • 23 Қараша, 2023
Президент былтырғы сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы мәселесіне айрықша ден қойып, отандық экономиканың лидері болуға қабілетті осы саланың кем-кетігіне көңіл бөлді. Әсіресе ауылшаруашылық кооперативтерді дамыту қажеттігін баса айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, осы мақсатта 1 трлн теңге бөлінеді және сәтімен орындалған жағдайда бастама 1 миллионнан астам ауыл тұрғынының хал-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Сайлауалды бағдарламада бұдан басқа тағы бірнеше бастама көтерілген.
Форум • 22 Қараша, 2023
Таңдау еркіндігіне талдау жүргізген жөн
Жасанды интеллект осы жүрісінен жаңылыспаса, бірер жылдан кейін адам еңбегі көзге көрінбей қалуы мүмкін. Себебі «ChapGPT»-тің бір өзі бірнеше маманның жұмысын атқарып, журналистердің орнына мақала, ақын-жазушылар үшін шығарма жазуға қабілетті. Алайда жасанды интеллектінің жаңа дәуірінде жауапкершілікке жүрдім-бардым қарауға болмайды. Кеше бұл мәселе Астанада өткен журналистикадағы жасанды интеллект болашағына арналған «Media Vision 2023: Ai in Journalism» форумында ортақ тақырыпқа айналды.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Әке институты: Құндылық пен қағидат
Ұрпақ алдындағы аманатты атқаруға келгенде отбасындағы қарым-қатынастың жібі үзіліп қалғаны туралы жиі айтылады. Үзілді дейміз-ау, қазақ ұғымында алып бәйтерекке теңелген төрдегі әкенің рөлі босағада сығалап тұрғалы қашан. Бұрын бала әкенің мейірімін, ананың аялы алақанын сезіну керек десек, қазір өз туғанынан күн сайын жәбір көріп жатқан өскелең ұрпаққа отбасындағы әкенің рөлін түсіндіруде тіліміз күрмеліп қалатыны белгілі. Биыл елімізде көз жұмған 25 баланың 6-уы ет жақындарының қолынан қаза тапқан. Осының өзі отбасы құндылығының құлдырап, бала болашағына бас ауыртатын емес, балта шауып жатқан отбасындағы жағдайдың ушығып тұрғанын көрсетеді. Бұл мәселе төңірегінде айтпаған ұсыныс, өзгертілмеген заңнама, қолға алынбаған жоба қалмады. Сол себептен бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі мен әке институтын қалыптастыру тақырыбына жиі оралуға мәжбүрміз. Бүгінгі дөңгелек үстелімізде де «Әке институтын қалыптастыру отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтып, ұрпақ тәрбиесін ұқыптылықпен қарауға шақыра ала ма?» деген сауалды қойып отырмыз.
Жоба • 22 Қараша, 2023
«Дипломмен – ауылға!»: Бағыты оң бағдарлама
Бір кездері тәуір танылып, кейін көмескіленіп кеткен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қайта жаңғыра бастады. Аталған бағдарлама көмегімен осы күнге дейін 40 мыңға жуық маман елді мекендерге жұмысқа барып, баспаналы болыпты. Биыл «Отбасы банк» бағдарлама операторы болып ресми бекітілгеннен кейін өтінім қабылдау, жастардың жұмыс және баспана мәселесін шешу процедурасы мейлінше жедел әрі сапалы бола түсті. Бағдарлама жұмысы үшін бөлінген 20 млрд теңгенің 50 пайызы игеріліп, 2 мың займ берілді.