Туризм • 13 Қараша, 2023
Туризм саласындағы тың мүмкіндік
Енді Қытайға іргедегі Ташкентке барғандай емін-еркін сапарлай аламыз. Екі ел арасындағы визасыз режім құжаты күшіне енді. Ел азаматтары туристік мақсатта шекарадан еркін өтіп, 30 күн бойы жүре алады. Бұрында да қайнап жататын Панфилов ауданына қарасты «Нұр жолы» өткізу бекетінің жұмысы одан әрі қызайын деп тұр.
Сараптама • 13 Қараша, 2023
Біз негізінен шикізат экспорттаушы ел болғандықтан, әлемдік аренадағы кез келген жағдайға, әсіресе мұнай бағасына әсер етуі ықтимал оқиғалардың өрбуіне айрықша құлақ түріп қаламыз. Таяу Шығыстағы қақтығыстың тым ауқымды сипат алып кетуі, тіпті, Ресей-Украина қақтығысының өзін көлеңкеде қалдырғандай. Мұнайдың әлемдік бағасына да әжептәуір әсерін тигізді.
Пікір • 13 Қараша, 2023
Ет өндірісінде сыртқы шикізатқа мұқтаж емеспіз
Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық әріптестік форумы алғаш рет Омбы қаласында өтті. Дәстүрлі шара биыл Қостанай өңірінде ұйымдастырылып отыр.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2023
Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі
Қазақстан мен Ресей өңірлерінің Қостанайда өткен ынтымақтастық форумы аясында қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологияны ілгерілету, жастар және ауыл шаруашылығы бағытында үш панельдік сессия жұмыс істеді.
Сараптама • 13 Қараша, 2023
«Орталық дәліздің» стратегиялық маңызы
Көпшілік «Орта дәліз» деп атап кеткен Транскаспий халықаралық көлік жолы – Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Түркия, сондай-ақ Шығыс Еуропа арқылы Еуропалық одақпен байланыстыратын теміржол контейнерлік жүк тасымалдау желісі. Бұл көпжақты даму жобасы саналады. Яғни Ресейдің санкцияға ұшыраған Транссібір бағытына балама, қысқа жол.