Пікір • 13 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік қызметші: ұстыны мен ұстанымы
Бүгінде еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу, түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылу деректері азайып келе жатқаны қуантады. Мысалы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің жанындағы Әдеп кеңесінде 2020 жылы – 65, 2021 жылы – 59, 2022 жылы 39 тәртіптік іс қаралып, әдеп нормаларын бұзу дерегі өткен жылы 14%-ға азайған. Ал Әдеп кеңесінде қаралатын мәселелердің жартысына жуығы профилактикалық сұрақтарға арналып отыр.
Тарих • 13 Қыркүйек, 2023
«Қош, Қандыбалағым! Қош, текті қыраным! Тәңірден келген құтты құсым болып ең. Талай жыл бір-бірімізге деген адал серттен айнымадық. Тағдырдың дәм-тұзы да бітуге жақындағандай. Түз құсындай еркін ұш, қанатыңның астына азаттықты ала жүр».
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Түркістан Ясауи әлемімен жаңғырады
Қазір Түркістанды рухани және туристік орталыққа айналдыру бағытында едәуір жұмыс атқарылып жатыр. Алайда бұл күш-қуаттың барлығы Түркістанды материалдық тұрғыдан көркейтуге бағытталған. Жәдігер қаланың рухани қуатын көтеру бұдан артық болуы керек деп есептейміз. Мәселен, осы күнге дейін Түркістанға келген қонақтарға айтылатын экскурсиялық мәтін әлі сол өзгермеген күйі қайталанып келеді.
Театр • 13 Қыркүйек, 2023
Ғалым АХМЕДЬЯРОВ: Жаңа маусымда ұлттық репертуарымыз артады
Он жылдық белесін табыспен тәмамдаған «Астана Опера» ұжымы күні кеше жаңа маусымының шымылдығын түрді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі «Абай» операсымен ашылған театрдың жаңа маусымда да жаңалығы мол. Өнер ордасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театрдың алдағы жоспарын айтты.
Руханият • 13 Қыркүйек, 2023
Алаш жолын темірқазық еткен ғалым
Тарихшы, ғалым Әлімғазы Дәулетхан ағамыз туралы ойлаған сәтте ардақты Жағда Бабалықұлының есімі еске түседі. Мен бұл өмірімде ауыр тағдырды басынан кешкен, бірнеше империялық қысымның шеңгелінде болса да, ұлттық ұстанымын биік қойған, тек қана еңбек және күрес жолында еңсесін тік ұстаған екі адамды кезіктірдім. Бірі – Жағда Бабалықұлы болса, екіншісі – тарихшы һәм жазушы Әлімғазы Дәулетхан.