Таным • 22 Тамыз, 2023
Қазақ жеріндегі қашаннан киелі саналған орынның бірі – Мұғалжар тауларының ежелгі тарихы, құрылымы, геологиялық, геофизикалық сипаты қысқа дерекпен баяндалған мақала «Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 20 наурыздағы санында «Мұң торлаған Мұғалжар» деген тақырыппен жарияланған еді. Ол мұң – киелі жерге жанашырлық иеліктің жоқтығынан оның асты-үсті табиғи игілігін пайдаланудағы вандализмге қатысты мұң болатын.
Табиғат • 22 Тамыз, 2023
Ай бұрын жазушы Әлібек Асқаров хабарласып, сонау қиырдағы Якутиядан келе жатқан жазушы, баспагерлерге Алтайды аралатып қайтайық деп ұсыныс айтқан. Сахалық ағайындарға сақтардың мекенін неге көрсетпеске деп сапарға дайындалдық.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2023
Қой шаруашылығы: Маңызы мен межесі
Еліміздің азық-түлік нарығын сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуде, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда мал шаруашылығының дәстүрлі әрі жетекші саласы, отандық агробизнестің негізгі бағыттарының бірі – қой шаруашылығын дамытудың маңызы ерекше.
Таным • 22 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың I отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық тарихымызды жаңадан дұрыс жүйеге келтіріп, қайта жазып шығу жөнінде тапсырма бергені мәлім. «Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек», деген еді басқосуда Президент. Жөн-ақ. Бірақ Абай хакімнің «Адамның адамшылығы істі бастағаннан білінеді, қалайша бітіргенінен емес» дегенін ескерсек, ұлттық атауымыздың этимологиясын әлі күнге дейін кім көрінген өзінше бұрмалап жатқанда, тарих бұлағымыздың қайнар көзі тағы да ашылмай қала ма деген қауіп жоқ емес. Шындығында, біз өзі кімбіз?
Аймақтар • 22 Тамыз, 2023
Қыста қалтырамас үшін қамданыс
Елімізде коммуналдық желілері әбден тозған төрт облыс болса, соның бірі – Қарағанды облысы. Екібастұздағы былтырғы апаттан кейін жылу желілерін жаңарту жұмыстары жандана бастады. Әйтпегенде, алты ай қысты өткеретін Қарағанды, оның ішінде құбырларының тозығы әбден жеткен Теміртау Екібастұздың кебін киеді екен. Кеңес дәуірінен бері келе жатқан жылу желілері жаңартылмаса, қыстан қалтырап шығуымыз әбден мүмкін де еді...