Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023
Абай облысындағы алапат өрт он төрт адамның өмірін жалмады
Төтеннен тұтанған өрттің де, айтпай келетін апаттың да үлкен-кішісі болмайды. Қай-қайсысы да қауіпті, қай-қайсысы да залалға толы. Бір өкініштісі, орны толмас орасан апат кезінде адам шығыны да болып жатады. Сегіз күннен бері елді сергелдеңге салған апат алдыңғысына қарағанда әлдеқайда ауқымды. Жалын жайпаған жер көлемі өткен жолғы өрттен 20 есеге үлкейіп, жайылып кеткен. Сонымен, салғырттықтың салдарынан Семей өңіріндегі 60 мың гектардан астам орман алқабы бір-ақ сәтте күлге айналды. Ресми дерек бойынша «Семей орманы» резерватының жалпы аумағы 650 мың гектардан асады. Міне, соның оннан бірін от шарпыды. Тілсіз жаудың кесірінен 200 адам Семей қаласындағы жатақханаларды паналауға мәжбүр болды.
Әскер • 12 Маусым, 2023
Әскер дайындығы – үздіксіз жүретін үрдіс
Еліміздің Қарулы Күштері құрамында жауынгерлер саны мен атқаратын міндеттерінің ауқымы жағынан ең ірі құрылым – Құрлық әскерлері. Олардың әскери дайындығы мен соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтамасыз етілуі – армиямыздың күш-қуатын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Талғат Қойбақов аталған құрылымның басты мақсат-міндеттері мен дайындығы жайлы кеңінен айтып берді.
Спорт • 12 Маусым, 2023
Мергендердің мүмкіндігі қандай?
Олимпия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінің тарихына көз жүгіртер болсақ, көп спорт түрі Олимпиаданың ажырамас бөлігіне айналғанын байқаймыз. Солардың бірі – нысана көздеу спорты. 1896 жылы алғаш рет Афинада ұйымдастырылған Жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына енген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін нысана көздеу спортынан жүлделер сарапқа салынып келеді. Тек 1904 және 1928 жылдардағы ойындарды есепке алмағанда.
Форум • 11 Маусым, 2023
Жасанды интеллект және жаңа технология
Астана халықаралық форумының екінші күнінде панельдік сессиялар жалғасты. Сондай-ақ брифингтер, құжаттарға қол қою және кездесулер өтті. Іргелі жиынның кезекті жұмыс күні «Энергетикалық қауіпсіздікті қайта қарау: айқын шешімдердің шеңберінен шығу қажеттілігі» панельдік сессиямен басталады.
Спорт • 11 Маусым, 2023
Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі қайта жаңартылды. Жер-жаһанның ең мықты балуандарының ТОП-10-дығына Қазақстанның тоғыз балуаны енді. Ең үздік көрсеткіш Жәмила Бақбергеноваға тиесілі. Қазақ қызы қазіргі кезде 72 кило салмақ дәрежесінде белдесіп жүрген бұрымдылар арасында теңдессіз деп танылып отыр.