Экспорт • 27 Наурыз, 2023
Біздің ел әлемнің 123 еліне 800-ден астам тауар түрін экспорттайды. Тауарларымыздың 65 пайызы Қытай, ЕАЭО және ЕО елдеріне жеткізіледі. Сарапшылардың айтуынша, қазақ тауарларының экспорттық әлеуетін көтеретін мүмкіндіктердің алғышарты енді қалыптасты.
Экономика • 27 Наурыз, 2023
Газдандыру: Мүмкіндік пен бар шындық
Қазақстанда газ тапшылығы 2024 жылы басталады деп болжанған еді. Бірақ тапшылық одан ертерек, биылғы күзгі-қысқы кезеңде сезілуі мүмкін. Ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін табиғи газ экспортын тоқтатуға тура келеді.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2023
Шекарадағы көлік кептелісі: «Тар мойын» мәселесі тарқады ма?
Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінің тауар айналымы мен өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы аптада «Нұр жолы» бекетінің өткізу қабілеті едәуір артты.
Денсаулық • 27 Наурыз, 2023
Онкологиялық аурулар алдын алғанда азаяды
Кейінгі 20 жылда елде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың саны 25%-ға, обырдан кейінгі өлім-жітім 33%-ға азайғаны байқалады. Қазірдің өзінде онкологиялық ауруға шалдыққан 205 мыңнан аса пациент динамикалық бақылауда тұр. Алайда жыл сайын қатерлі ісіктің 37 мыңнан аса жаңа жағдайы анықталса, өкінішке қарай, 13 мыңнан аса адам бақилық болады.
Білім • 27 Наурыз, 2023
Репетиторға сұраныс неге жоғары?
Қазіргі оқушыларды кісі аяғандай. Мектебінен бөлек, қосымша білім орталықтарына барады, басқа да үйірмелері бар. Әйтеуір зыр жүгіріп жүргені. Бір жағынан дұрыс та шығар, бос уақытын бостекі шаруаға арнамайды. Екінші жағынан «бала біткен неге репетитор жағалайды?» деген заңды сұрақ та туындайды. Сонда оқушы мектептегі оқу бағдарламасын уақтылы әрі сапалы игере алмағаны ғой. Әлде басқа себеп бар ма екен...