Президент • 22 Наурыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға қатысып, барша қазақстандықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Мереке • 22 Наурыз, 2023
БҰҰ Наурызы: Әлемді үйлестіретін мейрам
Шығыс және түркі халықтарының жаңа жыл басы – Наурыз мейрамын тойлайтын адам қарасы жылдан-жылға көбейіп келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл бұл мерекені әлемде 300 миллион адам атап өтіп жатыр. Өйткені Наурыз бейбітшілік, теңдік, құқық секілді адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттап, әлем халқын бір болуға шақырады. БҰҰ штаб-пәтерінде Наурыз мерекесі кеңінен тойланды.
Абай • 22 Наурыз, 2023
Талдықорған төрінде Ұлыстың ұлы күні ұлы Абайдың алып мүсіні тұғырға қонды. Көз тартар көркем ескерткіш Б.Римова атындағы драма театрдың алдына жайғасты. Жетісулықтар үшін әз Наурыз мерекесі осындай әсерлі оқиғамен басталды.
Мереке • 22 Наурыз, 2023
Егемендікке барар жолдың іргетасын қалаған еркіндік аңсары, дәстүрдің жаңғыруы – Наурыз мерекесі мен Наурызнама қазақ даласында әнмен басталады. «Базарың құтты болсын, ардақты елім!» деп атақты жәрмеңкенің өзін әнмен ашқан қазақ жер дүниені жаңартып жыл келіп жатқанда аспандатып әнге баспай қалсын ба? Мінген ат, жүгірткен тазы, салған қыран құсын былай қойғанда, «Қымыз құйғышы», қойшысына дейін түгендеп, рет-ретімен тұрмыс-тіршілігіне етене кез келген құбылысты әнге қосқан өнер иелері жыл басы деп жар салғанда қандай?!
Мереке • 22 Наурыз, 2023
Қыс көрпесін серпіп, күнжүзді шуағымен келген наурыз айы жанға қуат сеуіп, тіршілікке тыныс берері айқын. Кісінің жас шағындай жайраңдаған мезгілде жер масаты көйлегін жамылып, ағаштар гүлін тағынады. Жаратушының шеберлігі әр тұстан көрініп, көңілде шаттық пен ерке наз ойнайды.