Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысына биыл 1 928 адамды қамтыған 499 отбасыдан тұратын қандас пен қоныс аударушы көшіп келген. Соның 155-і – қандастар. Бұл былтырғымен салыстырғанда аз. Өткен жылы жалпы 2 547 адам көшіп келген еді. Биыл осы көрсеткіш 619 адамға азайып отыр.
Жәдігер • 06 Желтоқсан, 2025
Ғабдолдың майданнан жолдаған хаты
Миллиондарды майдан даласында қалдырған Екінші дүниежүзілік соғыстың өшпес даңқы ұмытылмайды. Мұнайлы өңірдегі музейлерде сұрапыл соғыстың ауыртпалығынан сыр шертетін сандаған жәдігер сақтаулы тұр.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
1941 жылдың қараша айының ортасында кеңес одағын дүр сілкіндірген төтенше оқиға болды. КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы Михаил Иванович Калининнің атына жазылған бір парақ хат алып империяның шаңырағын шайқалтып жібере жаздады. Сол күннен бастап мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін орган – КСРО Ішкі істер халық комиссариаты (атышулы НКВД) қызметкерлерінің ұйқысы қашып, қазақ даласында құрылған астыртын ұйымды шам алып іздеуге кірісті.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Кенияның Найроби қаласында таеквондодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы жаһандық додада ел қоржынына екінші медальды Тамерлан Тілеулес салды. 63 кг салмақ дәрежесінде сайысқан ол жартылай финалда сүрініп, қола медальды қанағат тұтты. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан 87 кг салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Бейбарыс – таеквондодан әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Жаһан додасына 75 елден 500-ге тарта спортшы қатысты.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың салған ісіне қайыспай қарсы тұру – қажыр-қайраты кемел адамдардың ғана маңдайына жазылған сыбаға. Кәтепті қара нар ғана көтеретін зілмауыр жүкті арқалай жүріп келешектің көкжиегіне сығалаған үлбіреген үміт сәулесі жан жүректерін жылытып, он екі мүшесіне сарқылып бітпес күш-қуат құятындай.