Музей • 06 Желтоқсан, 2025
Біз халықтық, ұлттық өнерімізді бағалай бермейміз. Мүмкін бағаласақ та, соны көпшілікке үлкен сахнадан, эфирлерден заманауи машықта үсті-үстіне жеткізудің жолын үйлестіре алмай жүргендейміз. Бұлай деуімізге Астана қаласының бірлескен музейлер дирекциясына қарасты Өнер музейіне барғанымыз себеп болды.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ахмет Байтұрсынұлы оқуларының дәстүрлі бағдарламасы жалғасын тауып, түрколог Немат Келімбетовтің ғылыми мұрасын талдауға арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға еліміздегі Түркия мен Өзбекстаннан тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы ғалымдар қатысып, көне түркі жазбалары, тіл тарихын кезеңдеу, ортақ терминология, әліпби және тарихи тілдік деректерді қайта қарау сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Бір кітап, он бес кейіпкер... Жо-жоқ, он бес тұлғаға арналғанмен, арғы-бергі уақыт кезеңдеріндегі естен кетпес көптеген есім аталатын ғылыми эсселер. Кітаптың авторы өзіміз ағалы-інідей бірге қызмет істегендіктен, оның қырық жылдан бергі әр қадамы көз алдымда өткендіктен, оның кісілік келбеті мен шығармашылық қарымын бір кісідей жақсы білемін.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2025
Жылу беретін орталық тығырыққа тіреле ме?
Қаһарлы қыс келгенде мұнайлы шаһардағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтитын «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ тығырыққа тірелгелі отыр. Себеп – «Теңізшевройл» ЖШС-ның аталған орталықты өндірістік газбен қамту жөніндегі келісімшарттың 2026 жылға ұзартылмайтыны туралы ескертуі.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Тоқсаныншы жылдардан бері Қостанай облысына шамамен 37 мыңдай қандасымыз қоныс аударыпты. Атамекенге ат басын бұрған ағайынның легі кейінгі жылдары сәл саябырсып қалды. Алайда көш тоқтаған жоқ. Мәселен, биыл өңірде 193 адам қандас мәртебесіне ие болды. Оның 135-і – Өзбекстаннан, 55-і – Түрікменстаннан, үшеуі Ресейден қоныс аударған. Осы 193 қандастың 150-і өңірлік квотаға еніп отыр.