Экономика • 05 Желтоқсан, 2025
Жаңа мүмкіндік пен жүйелі өзгеріс
Еліміз индустриялық даму бағытын қайта екшеп, өңдеу өнеркәсібі мен шағын бизнестің жаңа кезеңіне қадам басты. Өнеркәсіптік саясаттың жаңа векторлары мен тың жобаларды қаржыландыруы, шикізатпен қамтамасыз етуге, арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға, отандық өндірушілерді қолдауға қатысты бірқатар маңызды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2025
Киноиндустрияның экономикадағы үлесі қандай?
Киноиндустрия – жай ғана өнер емес, экономиканың маңызды құрамдас бөлігіне айналған қуатты сала. Сол арқылы елге жаңа инвестиция тартылып, туризм саласы дамып, елдің халықаралық беделі де нығаяды. Сондықтан мемлекет кино өндірісін қолдауға мүдделі. Кинотеатрлар мен онлайн-платформалар арқылы түсетін прокат табысы, лицензиялық құқық, әлемдік нарыққа шығарылған өнімдер елдің экспорттық кірісін арттырады.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығы алға сүйреген аймақ
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі бағыты саналады. Агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Биыл жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетті. Осы нәтиженің арқасында өңір агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшылардың үштігіне кіріп, азық-түлік қауіпсіздігіне салмақты үлес қосып отыр.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2025
Көгілдір отын – табиғи газбен тұрғындарын толыққанды қамтамасыз еткен бірегей өңір – Атырау облысы. Өзінің кем-кетігін бүтіндеп, республика бюджетіне қыруар қаражат құятын еліміздегі бірден-бір донор аймақ та осы өлке. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Серік Шәпкенов мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады.
Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2025
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда
Қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ішкi саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Онда құқықтық мемлекеттің іргетасы және азаматтардың қоғамдық әрі жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің базалық шарты ретінде «Заң мен тәртіп» қағидаты айқындалған. Осы қағидатты прокуратура органдары қалай іске асырып жатқаны туралы Бас прокурор Берік Асыловпен сұхбаттастық.