Қоғам • 25 Қараша, 2025
«Үркердің» жарығы мен көлеңкесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының еліміздің дамуындағы орны ерекше екенін атап айтып, оны дамыту мәселесіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы мегаполистің орталығы мен шет аймақтары арасындағы теңсіздікті жойып, елорданың барлық ауданының тұрғындары үшін қолайлы болуын қамтамасыз ету міндетін қойды. «Аспанмен таласқан биік үйлер, ауқатты кварталдар мен кедей аудандар, жартылай қираған ғимараттар – бұл біздің жол емес. Жағдайды «теңестіру» керек. Әділетті қоғам құру осындай ұстанымнан басталады», деген еді ол.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Биыл Ертіс-Баян өңірінің фермерлері 900 мың тоннаға жуық картоп жинады. Бүгінде өнімнің 10%-ы сыртқы елдерге экспортталған.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Геннадий Головкин – Халықаралық бокс федерациясын басқарады
Геннадий Головкин «World Boxing» халықаралық бокс федерациясының президенті болып сайланды. Италияның Рим қаласында өткен конгресте әлемдік ұйымның тізгінін ұстаған отандасымыз – халықаралық спорт федерациясын басқарған Қазақ елінің алғашқы азаматы. Бұған дейін отандастарымыз спорт өрісінде мұндай беделді ұйым, федерациялардың басшылық лауазымын атқарған емес.
Руханият • 25 Қараша, 2025
Кейіпкеріміз су шаруашылығының маманы-тын. Осы күндері қаны жерге тамбай тұрған ең өзекті тақырып – трансшекаралық өзендерге қатысты бірде оң, бірде теріс – итжығыс түсіп жататын күрделі мәселелердің басы-қасында көп жүргендіктен, оның әңгімесін тыңдау – үлкен олжа. Өмірдің елеулі кезеңі теңіз жағалауында өткендіктен әрі айдың-күннің аманында құмды өлкенің көз жанарындай шалқып жатқан айдынның тартыла бастағандығын сезіну – жан дүниемізде астан-кестең сезімдерді бастан кешуге итермелейтін. Аралды құтқаруға қолдан келер қайран шамалы, ал өзен-көлдер турасында бұрын айтылмай жүрген соны жаңалық естісек, құлағымыздың елең ете қалатындығы рас.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Марафон жеңімпазы – әке мен бала
Атырауда «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында жүгіру марафоны өтті. Облыстық білім басқармасы ұйытқы болған марафонға 250 әке өздерінің ұлдарымен бірге қатысты.