Саясат • 26 Қараша, 2025
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың «Шелл» концернінің аға вице-президенті, Қазақстандағы төрағасы Сюзанн Куганмен кездесуі өтті. Кездесу барысында еліміздің мұнай-газ секторындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып саналатын компания арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Қазақстан – Түрікменстан: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашылды
«Ақорда» резиденциясында Президент елімізге мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президентін қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшылары келіссөз залына өтті.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Мемлекеттің экономикадағы үлесі: Нарық талабы не дейді?
Халықаралық валюта қоры миссиясы ел экономикасында артық жүктеме байқалуы мүмкін деп жобалап отыр. Қор дерегінше, 2025 жылы ІЖӨ мұнай өндірісі мен ішкі сұраныс есебінен 6%-дан жоғары өседі. Алайда инфляция 13%-дан асып кеткен. Бұған жұмсартылған бюджет саясаты, тұтынушылық несиелердің өсуі, Ұлттық қордан бөлінетін ірі трансферттер себеп болған.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Астанадағы ботаникалық бақта спорттық жүгіруден кезекті Taldau Run өтті. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытындағы бастамаларын қолдау мақсатымен ұйымдастырылған іс-шараға Taldau Community-ден 200-ден аса адам, сондай-ақ саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген Парламент депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен талдау құрылымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қарағандыдан арнайы келген бірінші өңірлік талдау мектебінің тыңдаушылары да бар.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Өндірісті өңірдің өрісті кәсіпорны
Екібастұзда әлемдегі ең ірі ферросилиций зауыты іске қосылды. Аталған жоба – индустрияландыру аясындағы кезекті нысан ғана емес, жоғары технологияларға, экспортқа және өңірлердің тұрақты дамуына негізделген еліміздің жаңа экономикалық дәуірінің рәмізіне айналуға тиіс.