Қоғам • 26 Қараша, 2025
Кітаптың қырғызша аудармасы таныстырылды
Ош қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» («Атам жөнүндө баян») атты қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылады
Сәтбаев қаласында экономиканы әртараптандыруға, тиімділігі жоғары өндірістерді дамытуға, ішкі-сыртқы инвестицияларды тартуға бағытталған республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың құрылысы басталды.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Сөз бен саз құстың қос қанатындай бірін-бірі толықтырып, егіз қозыдай жамырасып-жарасып жатса, туындыгер мұратының орындалғаны емес пе? Өлеңнен өзіне тән өрнек іздеген Олжас Отар бойына сөз бен саз қуатын қатар қондырып, көптің ықыласына бөленіп жүрген жан. Оны жұрт эстрададағы ел жүрегіне жол тапқан танымал ән мәтіндерінің авторы ретінде, айтыс сахнасында орамды ой айтқан ақын ретінде біледі.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
ЖИ камералары тәртіпке жәрдемші
Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды енгізу кейінгі жылдары айтарлықтай жанданды. Өңірдің полиция департаменті заманауи талаптарға сай ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бүгінде құқық қорғау саласындағы жұмыстарды жеделдететін құралдар іске қосылып жатыр.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары елімізде кітап шығару мәдениеті ілгерілеп келеді. Жақында бұған көзіміз тағы бір жетті. Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың 10 томдық шығармалар жинағының мазмұн байлығын, құрылымдық сипатын, жарияланған еңбектердің тақырыптық түзілісін, ғылыми ақпаратының дәлдігін былай қойғанда, таза баспа туындысы ретіндегі деңгейі де жоғары екен. Көздің жауын алады. Қолымызға тиген сол қазынамен танысып шыққаннан кейін қадірлі ағамен хабарласып, жаңа басылым жайында әңгіме құруға асықтық.