Саясат • 26 Қараша, 2025
Жергілікті басқарудағы бетбұрыс
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде өзін-өзі басқару органдарының құзыреті кеңейіп, әкімшілік-аумақтық бірліктерде халықтың сұранысына сай шешім қабылдау мүмкіндігі артып келеді. Еліміз бұл бағытта ілгері жылжуға ниетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 25 мамырда ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Бірер жыл бұрын аудан әкімдерін де осы әдіспен сайлау жүйесі енгізілді. Бірте-бірте бұл жаңашылдық облыстық маңызы бар қалалар мен шаһар басшыларын сайлауға ұласты. Реформа жүзеге асқалы 3 500 әкім сайланған болса, олардың 48-і – аудан әкімдері.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгелі бері өңірде ашық сайлауға түскен кандидаттардың саны артты. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған сайлау жүйесі жұрттың көңілінен шыққаны анық. Ал халықтың қолдауымен әкім болғандар сенімді ақтап жүр ме?
Саясат • 26 Қараша, 2025
Ілкімді жобалар цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мемлекеттік қаржы саласына цифрлық теңгені енгізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде атап, Үкіметке импортқа тәуелділікті азайту жөнінде нақты тапсырма берді. Себебі ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету – экономикалық дамумен қатар, елдің тұрақтылығына тікелей әсер ететін стратегиялық маңызы бар міндет.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісіне сырттан инвесторларды тартуды жалғастырып жатыр. Жақын уақытта мұнда май экстракциясы зауытының құрылысы аяқталып, жылына 90 мың тонна шикізатты өңдеу көзделіп отыр.